Айша бибі аңызы қандай сыр шертеді?

Сәрсенбі, 18-Қаңтар 2017 / 11:30
Айдары: Тарих
Айша бибі аңызы қандай сыр шертеді?

Ұлы тұлғалар 30 Желтоқсан 2016 Айша-бибі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) – Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі. Айша-бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал аңыз оны төрт түліктің бірі – сиыр малының атасы деп есептелінетін атақты Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша-бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша-бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша-бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба-әже-қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін Айша-бибі күтушісімен өзеннің жағасына тоқтап, сол арада біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Ас әзірленгенше дем ала тұрмақ болған Айша-бибі арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған қыз маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптері мен молдасын алып жеткенде ару қыз екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан қызды қолына алып, сол арада Айшамен некесін қидырып, құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.

Материал «Елтұтқа» кітабынан алынған

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз