Аспанда сыммен ұшатын жаңа транспорт

Сейсенбі, 24-Қаңтар 2017 / 11:49
Аспанда сыммен ұшатын жаңа транспорт

немесе әлемдік деңгейдегі соны жаңалық

Алматы қаласында RSW Investment Group Ltd компаниясының Sky Way Invest Group сауда маркасы жұмыс істейді. Осы компанияның Қазақстандағы өкілі, «КазахТранснет» директоры Жәмила Жақыпқызы Жүсіпбекова ханыммен тілдескенімізде, төмендегідей ақпараттардан хабардар болдық. Ендігі сөз кезегі Ж.Ж.Жүсіпбековада:

— Өткен тарихқа көз салсақ, әлемді, адамзаттың тұрмысын өзгерткен бес үлкен технологиялық жаңалық болғанын айтуға тура келеді. Олар: тігін станоктарының пайда болуы, пармен жүретін көліктердің пайда болуы, ішкі жануға негізделген автокөліктердің шығуы, электрдің пайда болуы және микроэлектрониканың пайда болуы. Қазіргі күні адамзат қауымы әлемді дүр сілкіндіретін осындай алтыншы жаңалықтың ашылуының алдында тұр. Ол — Анатолий Эдуардович Юницкийдің ойлап тапқан Sky Way (Скайвэй) желілі sky-wayтранспорт технологиясы, яғни сымды-рельстік эстакадалық жолдар. Онымен өнеркәсіптік, сұйық және арнайы жүктерді сағатына 120 шақырымдық жылдамдықпен 10 мың шақырым қашықтыққа дейін тасымалдауға болады. Бұл көлік үнемді, тез жүреді, ең бастысы — қашықтық пен рельефтің күрделілігіне қарамастан, кез келген территорияны басып өте алады. Дәстүрлі теміржол транспортына қарағанда, оны құрау мен күрделі жөндеуден өткізуге шығатын шығын бірнеше есе арзанға түседі. Юницкийдің сымдық транспортының қозғалысы қазіргі күні қолданыста жүрген транспорттардың бәрімен салыстырғанда, он есеге жуық қауіпсіз. Өйткені ол бұрылмай, төтесінен тіке жүретіндіктен, жолында басқа транспорттармен, адамдармен болмаса аңдармен кездеспейді. Бұл көлік экологиялық жағынан да таза, ауаны ластамайды, себебі ол электрмен тартатын желімен жасақталған. Оны салуға қажетті жер телімі өте аз, бір тіректің алатын аумағы бар болғаны 4 шаршы метр ғана. Технологияның негізі болат рельсті бастан, болат сым бумасынан, оларды ұстап тұратын толықтырғыштан (арнайы бетоннан), оларды рельс корпусына бекіту элементінен, рельс корпусынан тұрады. Рельстің жазық басы мен цилиндрлік болат доңғалақ қозғалыс кезінде өте аз шығын кетіруді қамтамасыз етеді. Мысалы, Астана мен Алматы арасын 2 сағат 10 минутта жүріп өтуге болады. Салыстырмалы түрде Мәскеу мен Санкт-Петербург арасын әртүрлі транспорттар қанша уақытта жүріп өтетіндігін, оған шығатын жол құнын қарастыралық. Айталық, бұл аралықты Sky Way 450 шақырым\сағат жылдамдықпен 1 сағат 40 минутта жүріп өтсе, жол құны 245 рубльді құрайды. Ұшақ 900 шақырым\сағат жылдамдықпен 3 сағатта жүріп өтеді, жол құны — 3000 рубль. Жылдам жүретін электричка «Сапсан» 200 шақырым\сағат жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтсе, жол құны 3175 рубль құрайды. Жеңіл автокөлік 80 шақырым-сағат жылдамдықпен 9 сағат 30 минут жүрсе, жол құны — 2250 рубль. Автобус 60 шақырым\сағат жылдамдықпен 10 сағат жүреді, жол құны — 1000 рубль. Пойыз 60 шақырым\сағат жылдамдықпен 11 сағат жүреді, жол құны — 800 рубль. Осының өзі-ақ жаңа көлік түрінің қаншалықты үнемді әрі жүрдек екендігін көрсетсе керек. Ал осы сымдықрельстік эстакадалық жолдарды ойлап тапқан конструктор А.Э.Юницкий — 140 жаңалықтың авторы, 18 монография мен 200-ден астам ғылыми жұмыстар жазған. Сондай-ақ, ол жол қатынастары инженері, білікті конструктор, КСРО ғарышкерлер Федерациясының мүшесі, БҰҰ-ның екі жобасының жетекшісі. Бірнеше жаңалықтардың патентін алған, «Ғылым мен өнердің сардары» құрметті атағының иегері, 30 халықаралық көрменің дипломын жеңіп алған. Ұлты — белорус, Гомель қаласында туыпөскен. 12 жасында ата-анасымен Қазақстанға қоныс аударып, Жезқазған облысындағы Сәтпаев қаласына келіп тұрақтаған. Қазір Минск қаласында тұрады. Өзінің бір естелігінде әйгілі конструктор:

«Бірде 10-сыныпта оқып жүргенде, киноға бардым. Кинотеатрға келе жатқанда үстімізден зымыран ұшып өтті. Ауа райы ашық, мамыражай күн еді. Кинодан шыққаннан кейін әлгі көріністің бәрі ғайып болып, ауа райы күрт өзгеріп, қатты жауын жауды әрі жауын суының түсі де өзгеріп кеткентұғын. Сол кезде осы құбылыстың сырын білсем деген ой алғаш рет басыма келді. Бертінде оның құпиясын ашқандай болдым. Сөйтсек, физика заңдылығына сәйкес, зымырандар көкке ұшқанда 5 тоннадай отынды жағып, қыруар мол оттегін «жеп қояды» екен ғой. Соны түйсінгендіктен, өткен ғасырдың 80-жылдары аспанға зымырандарды ұшыру жер экологиясына аса қауіпті, зор зиян келтіреді деп дабыл қағып, мақалалар жазғаным үшін сол кездегі үш әріп — КГБ-ның қаһарына ұшырап, қудалауға ұшырадым. Елде бұрын-соңды болмаған жаңалық ашсам деген ойды кері ысыра тұруға тура келді. Бірақ ғарышкерлермен қарымқатынасым жақсы болғандықтан, солардың және бірқатар ғалымдардың қатысуымен 1982 жылы ауқымды отырыс өткізіп, сонда өзімнің ойымда жүрген тың идеяларымды айтқан болатынмын. Одан беріде КСРО-ның өзі ыдырап тынды. Билікке келген жаңа басшылардың оң көзқарасының арқасында, әсіресе, генерал Лебедьтің қарымды қолдау көрсетуімен бұрыннан армандаған идеяларымды жүзеге асыруға мүмкіндік туды», — дейді.

Қазіргі күні қолға алып жатқан Sky Way желілі транспорт технологиясы — жерүсті транспорт жүйесі, оның қозғалысы тіректер арасына тартылған рельстер көмегімен іске асады. Жоба бойынша бұл транспорт түрінің қалалық, жүктік, жоғары жылдамдықты модельдері болады. Жаңа көліктің қозғалу жылдамдығы 500 км\ сағатқа дейін жетсе, вагондар ішіне 500-ге дейін адам және 100 тоннаға дейінгі мөлшерде жүк сыяды. Тасымал қашықтығы 10 мың шақырымға дейін. Жоғары жылдамдықты халықаралық тасымал көлемі тәулігіне — 1 миллион жолаушы, 100 мың тонна жүк. Осы жоғары жылдамдықты трассаның құрылысының құны шақырымына 5 миллион АҚШ долларын құрайды (бұған қозғалыс вагондары мен жолаушылар вокзалы, стансалар мен инфрақұрылымдар бағасы енбейді). Жоғары жылдамдықты тасымалдың өзіндік құны жоғары жылдамдықты теміржолмен, магнитті жастықпен жүретін пойыздармен, ұшақпен тасымалдаумен салыстырғанда 5-10 есе арзан. Ал жобаның өзіне келсек, оның негізгі бөлігі — ЭкоТехноПарк құрылысы компанияның акциясын сатып алып жатқан адамдардың ақшасына салынып жатыр. Құрылыс Беларусь Республикасындағы Марьина Горка қаласында 35 гектар жерде салынуда. Бүгіндері көптеген қалаларда Sky Way технологиясын енгізу бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде. Қала басшылары сымдық жолдармен ірі қалаларды — орталық агломерацияларды басқа тұрғылықты мекендермен байланыстыруды көздейді. Архитекторлар транспорттық-отыру стансаларын, басқа да инфрақұрылымдарды және сымдық транспорттарды шығаратын зауыттардың құрылысын жобалаумен айналысуда. Сондықтан, мен қазақстандықтарды осы жобаның инвесторлары болуға шақырамын. Оған себеп — білікті ресейлік және халықаралық сарапшылар осы жаңа транспорт түрін тәжірибеге енгізудің пайдалылығын мойындап отыр. Олардың пікірінше, аталған транспорт жүйесі алдағы уақытта әлемдік тасымал нарығының тең жартысын жаулап алуға шынайы мүмкіндік бермек, жылдар өте келе оның жылдық айналымы триллион долларға дейін жетуі әбден мүмкін. Екіншіден, инвестиция салу арқылы кез келген адам жақын болашақта аталған компанияның акционері болып, әрі кетсе 3-4 жылдан кейін одан түскен дивиденттен тиесілі үлесін алып отыратын болады. Негізі шетелдерде, әсіресе АҚШ-та, осындай кейін пайда беретін идеяларды қолдау арқасында, 60 млн. адам миллионер қатарына кірген. Халықтың қаражатымен жаңа иедяны қолдау шетелде қалыпты жағдай. Акциядан түскен дивиденттермен өмір сүру біз үшін жаңалық. Қазақстанда «Газпром», «Қазақмыс», «Қазақтелеком», « Қазмұнайгаз » компанияларының акционерлері мұны жақсы біледі. Ал Sky Way, бұл — дүниежүзіне тараған жолдардан түсіп отыратын мол кіріс көзі, жылдар өткен сайын әрбір акцияның құны өседі. Сарапшы-эксперттердің болжамы бойынша алдағы 10-15 жылдың ішінде Sky Way-дің бір акциясы 1000 долларға дейін өсіп шығуы мүмкін. Бұл — жүз жылда бір берілетін мүмкіндік. Ендеше, баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Сондықтан инвестор болуға асығыңыздар.

Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 37 «А», 401 офис. Телефондар: 7 702 289 89 55; 7 747 189 89 55.

—Тұшымды әңгімеңіз бен берген ақпараттарыңыз үшін рақмет!

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз