«Астана» жайлы өлең жазып, сыйлыққа ие бол!

Бейсенбі, 19-Қаңтар 2017 / 12:20
«Астана» жайлы өлең жазып, сыйлыққа ие бол!

«Астана» туралы өлең немесе поэма жазып сыйлыққа ие бол!

Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі футбол тақырыбында жазылған өлеңдер соншалықты көп емес. Ал, жалпы спорт тақырыбындағы поэмалар жоқтың қасы. «Астана» футбол клубы қазақ тілін спорттық салада насихаттау мақсатында арнайы байқау жариялайды. Клуб ұжымы ұйымдастырып отырған байқау қара сөзден өлең оңай болған ақындарға арналған дейді клубтың баспасөз қызметі.

_nik2013_046-1

Ақындарға «Астана» футбол клубының жеңістері мен ойыншылары, бапкерлер құрамы туралы өлең немесе поэма жазып, қысқы маусымға арналған киім үлгілерін (команда логотипімен бас киім, шарф-барскарф, клубтық олимпейка) ұтып алуға мүмкіндік туып тұр. Байқауға қатысуға ниетті жандар тырнақалды туындыларын 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында nesterenko@fca.kz электронды поштасына жібере алады. Бәйге жеңімпазын клубтың шығармашылық тобы анықтайтын болады. Ең үздік деп танылған өлеңдер мен поэмалар «Астана» клубының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланбақ. Бір айта кететіні, байқау идеясының авторы – танымал қазақстандық спорт журналисі Нұрғазы Сасаев.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз