«Бас редакторлар клубының» жаңа басшысы сайланды

Жұма, 30-Желтоқсан 2016 / 10:44
«Бас редакторлар клубының» жаңа басшысы сайланды

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – сайлау конференциясында жаңа басшымызды сайладық. Яғни, дауысқа салу нәтижесінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, еліміздегі «Литер» және «Айқын» сынды ірі басылымдардың негізін қалаушы Ерлан Бекхожин клуб президенті болып сайланды. Бұған дейін бұл бірлестікті екі жыл басқарған Бибігүл Жексенбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни сайланған мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды. Жиын барысында Бибігүл Нұрғалиқызы аталған уақыт ішінде бірлестікте атқарылған жұмыстар жйында баяндама жасады.

2

Қазіргі таңда клуб мүшелерінің саны 264 адамға (аймақтардағы бірқатар БАҚ басшыларын да қоса есептегенде) жетсе, бүгінгі жиын барысында белгілі болғандай, бірлестік құрамы «Егемен Қазақстан» АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев сияқты азаматтармен тағы да толықты. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің құрамына «Қазақстан» ҰТА директоры қызметіне жақында ғана тағайындалған  Жанахмет Ағыбаев та кірді.

Конференцияда Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін де сайлады. Олардың ішінде – танымал тележурналист Бибігүл Жексенбай, «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, халықаралық телевидение және радио академиясының академигі (AIATR) Арсений Дүйсенов, «Человек и Закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов, «Украiнскi новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега бар.

Ендеше, әріптестерге жаңа жылда тек жақсылықтар тілейміз!

Тельман БЕЙСЕН, 

«Нұр Медиа» АҚ бас редакторы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз