Берен басшы Бердібекке «Б»-дан бедерленген бір бет баяндама

Жұма, 10-Ақпан 2017 / 09:53
Берен басшы Бердібекке «Б»-дан бедерленген бір бет баяндама

Біссіміллалап бастайық, бағаналы байтақ Батысымызды біліктілікпен биязы басқарып, берекетке бөленген, беделді, белсенді, берекелі, белді, белгілі Бердібек баһадүрге бұқараның берер бағасы да, батасы да баршылық. Бұлай бейнелейтініміз, бұқараға бүкпесіз бүтіндей бүйрегі бұратын Бекең – бейнетке бағзызаманнан бетін берген берек те берен басшы. Басқару баспалдақтарының барлық барьерлерін байыппен бағындыра білген байламы берік Бекең басыбайлы бастамашылдығымен баршаны батпан батагөйлігімен болашаққа бастап барады.

Бесікте-ақ буыны бекіген, болаттай берік Бекең – бұқараның бағына байланғанын бұлдамайды, бұқараның басындағы батпаннан бұлтартпайды, бұқараның бұйымтайын бұлжытпай бітіруге баяғыдан бейімделген басшы. Басты белестерімізде басымызды биікке бағыттаған Бекең бұғалығын басқаларға бұрып, біздің бәрімізді бір бүйіріндегі бауырларына балайтынын баяғыда-ақ басқаларға білдіртпей байқататын. Бойынан бейқамдылық байқалмайтын Бекеңнің бейкүнә бейнесінен бейбітшілікке бейімділіктің барлық белгілері білінетінін баршаңыз білесіздер!

Бұйығылыққа, біржақтылыққа, боскеуделікке, бойкүйездікке, боссөзділікке бойын бұрмаған Бекең баяғыдан бекзаттылығымен бедерленеді. Бейтарап Бекең – баққұмарлыққа да бармай, бақталастыққа да бой бермеген басшы. Босағасы берік Бекең бағасын білмейтіндерге бекерден бекер бақшасын бүлдіртпейді. Болмыс-бітімі бөлек, бірсөзді, біртоға, Бірінші Басшысымен біртұтас Бекең бүгін де бедерлене береді.

Бекең – байсалды да, байыпты бабындағы батыр. Биографиясын бюджеттік бақылау бөлімінің бастығы болып бастаған Бекең бүгін бір белестен бір белеске беттеп барады. Бағытыңыз бұрыс болмағай, Беке!

Бекеңе басты бата: Бауырларыңызға беделіңіз, байсалдылығыңыз, білгірлігіңіз, болжамшылдығыңыз, біліктілігіңіз, балажандылығыңыз, басқасының бәрін былай бұрғанда, бейбітсүйгіштігіңіз береке бергей. Бақытты болыңыз, Беке! Бауырыңыз бүтін болсын!

©Шархан ҚАЗЫҒҰЛ

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз