Біреуге баға беру құқығы адамға берілмеген

Сенбі, 14-Қаңтар 2017 / 08:12
Айдары: Иман нұры
Біреуге баға беру құқығы адамға берілмеген

Біреу мақталады, ал екінші біреу датталады. Мақталған адамның аяқ-қолы жерге тимей ұшпаққа бір-ақ шығады. Бір жағы жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытқанның сөкеттігі де жоқ сияқты. Алайда жақсылығын айту мен мақтау бір ұғым емес. Сондықтан мақтау тек Аллаға ғана жарасады. Сондай-ақ мақтау да Алла тарапынан болуы тиіс. Ал сіз бен біздің мақтауымыз…

Жарайды. Мақтау сөз бізден тәуірлеу адамның аузынан-ақ шықсын. Сонда адамның жақсы-жаманын айырып, баға беретін ол кім? Жалпы мақталушыдан дәрежесі төмен адамның қошемет сөзін мақтау деп қабылдауға бола ма?

Білген жөн. Алла алдында дәрежесі беймәлім жанның мақтауын асырған адам да өз сөзіне жауап береді. Өмірден адамды ақыл-есінен айыратындай мақтау естіген қаншама қанпезер тирандар өтті. Солар қазір неге мақталмайды? Білген жөн. Біреуге баға беру құқығы адамға берілмеген. Рас, “Жеке менің пікірім бойынша…” деген сыңайда мақтау сөз арнауға болады. Себебі ол – сіздің пікіріңіз. Ал соңғы сөзді әмәнда Алла айтады. Иә, мақтаса – Алла мақтасын. Сізді, бізді және сіз мақтаған кісіні де.

Құдияр Біләл

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз