Бұл бассыздыққа қарсы заң керек!

Бейсенбі, 12-Қаңтар 2017 / 17:27
Бұл бассыздыққа қарсы заң керек!

Дат, тақсыр!

«Астана» арнасынан берілген бұл жайсыз хабар ту сыртымнан біреу пышақпен ұрғандай әсер етті-ау. Егер оның бәрі рас болса, онда Қытайдың бізді әбден басынғаны деп білемін. Әр-әр жерде жарнамалар ілініпті деседі. Оларға қазақ қыздарынан 18 бен 40 жастың арасындағы қалыңдық қажет екен. Масқара! Дәл өстіп аждаһа еліне барып жарнама жазып көр! Иә, иә, бәрі де өзімізден. Еркегімізде намыс, әйелімізде ұят азайды. «Қаз ақпараттан» «24 мың Қытайдан күйеу балаларымыз бар» дегенді оқығанымда төбе шашым тік тұрған. Бірақ оған біз мән бердік пе? Әрине, жоқ. Халық қауқарсыз, билік үндемеді. Ал мынау деген сүйегімізге таңба, елдігімізге сын. Қара көздеріміз кім көрінгенің қолтығында кетіп бара жатқаны үйреншікті көрініске айналуы намысымыздың тапталғаны, ұятымыздың кеткендігі.

Ал мынау тым басынғандық! «Көп қорқытады екен» деп, тағы да бұғып қалсақ, қара көзіңді одан әрі қорлап, асылыңды күң, жігеріңді жүн етпей ме? Қытайға тидім дегенше, құрсағыма құмырсқаның илеуін салдым десеңші! Сөйтіп, қорлықтың қамытын кидім десеңші! Айналайын, билігім, бұл шектен шығушылыққа тосқауыл бол! Үлкен бір ұлттың бесігін тербетер, ары мен абыройының бағасын беретін қыздарымызды қалай ғана қу қытайға көзің қияды? Ақшаны көріп, ақылынан алжасқан «албасты» қалай ғана оларға тиіп жатыр? Қыздарыңды, болашақ жарларыңды, асыл аналарыңды қорғай алмай, айдың-күннің аманында өз жеріңде, еліңде жат құшаққа салып беріп отырған не деген оңбаған, не деген көргенсіз ел едік біз! Осыншалық бассыздыққа жол беріп отырған, ағасын қарындастан, қарындасыңды бауырдан айыратындай не сұм заман туды басымызға?! Биліктегі жігіттер, бұл бассыздықты тоқтата көріңдер! Бұл ананың көкірегінен жарып шыққан бұйрығы немесе ақ тілегі деп біліңіздер! Ұрпағымыз осылай азғындаса, тал түсте қыз-қырқынды кім көрінген көкпар етіп алып кетіп жатса, ұлтыңның құрдымға кеткені емей немене!

Датыма құлақ сал, Үкімет! Бассыздық жасағандарға құрық сал! Рас, сабыр керек. Бірақ намыс та қажет. Достарымызға күлкі, дұшпандарымызға таба болмайық. Қызын алғанға 50 мың доллар талап еткен түрікменнен кембіз бе? Біз де жат жұрттан қол созған «құдаларымыздан» 100 мың доллар талап ететін заңымызды жасап алайық. Біздің қорғанымыз да, қорғаушымыз да сол болсын. Әрине, ұят, намыс ақшамен есептелмейді. Оның құны жоқ, шексіз.

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

2 Comments on “Бұл бассыздыққа қарсы заң керек!

  • Сейткерим

    Ары ақ , рұхы тақ, иманы хақ қазақ жастары тәрбиеленуі қажет. Желтоқсан қазақ арының Қайраты болатын. Қайрат Рыскулбеков мектебінің ұстазы, қазақ арының алғашқы арашашысы ретінде айтарым жыл тәуелсіздігімізде АР туралы айту өте аз болуда. АР дегеніміз не. Аюаннан адамның артықшылығы АРЫ. Қазақтың басқа ұлттан айырмашылығы неде РҰХЫНДА. Руым Ұлы Халық РҰХ. Олимпиадаларда , Спартакиадада , Универсиадада алған медаль , орден , сыйлық, ақша емес, жеңіске жетелейтін жігер РҰХ.. Евразияны біріктірген империялар құрған , Орасан Отанын отаршылардан арашалаған бабалар ерлігі РҰХ.. Қазақтың әлемді игере алатын ХАҚЫ бар. Халық Ақылының Қоймасы ХАҚ құдайдың бір аты. Халық Ақыны Қадырды білесің бе Атамекенді айтасың ба Жерүйықты жаттадың ба. Домбырасын оқыдың ба. Аррұххақ сол.

  • Сейткерим

    Ары таза , рұхы биік, білімі терең қазақ жігіттері тұрғанда қыздарымыз орысқа сіңбейді, қытайға тимейді. Мен отыз жыл ұстаздық жасаған төрт жоғары білімі бар мұғаліммін. Бастауыш кластан жоғары оқу орнына дейін кісі санасында АРДЫ қалыптастыру жолын білемін. Ерік, ырық, жігерді РҰХ деңгейңне көтеруді үйрету тәсілдерін басымнан өткізген оқушы , мамбет -студент , аспирант, офицермін. Әріпті ажырата бастағаннан қазақ сәбиі қазақ тілімен маңайын тануды Қадырдың ” Күміс Қоңырауынан” “Домбырасын” дейін жету жолын ізерттеген , Қадыр дәстүрі мен жаңашылдығынан монография жазған 7 қазақтың әкесімін, 17 қазақтың атасымын ,5 қазақтың дәу атасымын. 77 жастамын. Сакалымды сатудан аулакпын. “Аруактан – Арруххакка” енбег1м жариаланса , әр қазақтың төрінде кісінің АРЫ Ак , РУХЫ ТАК, ИМАНЫ ХАК болу жолдарын үйрететін оқулық тұрады. Әруақ,әруақ,әруақ деп жан,жаққа шашырауды қоямыз. Сатылмаймыз,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз