Денис Тен ел қоржынына оныншы алтынды салды!

Сенбі, 04-Ақпан 2017 / 21:21
Денис Тен ел қоржынына оныншы алтынды салды!

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Қысқы Универсиаданың мәнерлеп сырғанау бәсекесінде ел болып, жұрт болып тақым қысқан Денис Теніміз алтыннан алқа тақты. Ал, Қазақстан намысын қорғаған тағы бір отандасымыз Абзал Рақымғалиев жақсы өнер көрсеткенмен 204,23 ұпаймен 12-ші орынға тұрақтады. Айта кетейік, әлем мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен арқылы Қазақстанды таныса, жас та болса қысқы спортымызды өрге сүйреген ол өз алаңымызда алғаш рет дүниежүзілік жарысқа шығып отыр. Сондай-ақ, жапон жігіті Кейджи Танака күміске, швед Александр Майоров қолаға қол жеткізді. Оныншы алтын құтты болсын, Қазақ елі!

«ЕлАна»

Сурет ©trvimg.com

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз