Екі рет «сауат ашқызып» баланың басын қатырмайық!

Жұма, 03-Ақпан 2017 / 12:26
Екі рет «сауат ашқызып» баланың басын қатырмайық!

Кешегі күнге дейін басылмаған 1-сынып оқулығы әлі де дау-дамайдың ортасында екені баршаға мәлім. Интернет желісінде білім реформасына  арнайы хаттар мен өтініштер жолдап, наразылық білдіріп, шулаған ата-ана,  зиялы қауым және халық қалаулыларының айқайына кім құлақ асып жатыр?

Мен де әрі мұғалім, әрі ата-анамын. Бұл мәселе мені де бей- жай қалдырмады. Алдымен өзімнің мектепке дейінгі білім беру саласымен таныс екенімді айтып өткім келеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңартылған стандарт негізінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала»,  «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары оқытылады. Бағдарлама мақсат мазмұны жағынан баланың жас ерекшелігі ескеріліп, жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласы арқылы  жүзеге асып отыр. Қазіргі мемлекеттік  және жеке меншік бөбекжайлар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын осы бағдарламалар аясында жүзеге асырып келеді.

Ал, енді  аспаннан түскендей қып, 1-сынып оқулықтарының өзгеруіне жол болсын? Осыдан сұрақ туындайды. Оқулықты өзгерту барысында білдей атағы бар мамандар бөбекжайдағы мектепалды даярлық топтарын ескерді ме екен? Демек,  министр мырзалардың мектепке дейінгі білім беру саласының былық-шылығынан хабарсыз болғаны ғой.

Сурет arhar.kz

                    ©arhar.kz

Баласын балабақшаға әкелген әрбір ата-ана, мектепалды даярлық топтарының жұмыстарымен таныс. Мемлекеттік стандартқа сай бағдарлама жұмысының  ауырлығы аздай, ата-ана баласының  42 әріпті танып, онға дейінгі сандарды ажыратып, керек болса баласының  ежелеп оқуға дейін сауатын ашуды талап етеді. Сондай–ақ оған қосымша ағылшын пәндерін үйретуді жете қадағалап, болмаса қосымша үйірмелерге қатыстырып әлек.  Жасыратыны жоқ, балабақшадағы қағаз бастылық пен қиыншылықтар тәрбиешіні қара жұмысқа жеккенмен бірдей. Айтып айтпай не керек? Баланы 1-сыныпқа қабылдау кезінде де, гимназия мектептерінің өзінің ереже талаптары бар. Талапқа сай келмеген бала, гимназия мектептерінің емтиханынан сүрінеді. Міне, сондай гимназия мектептеріне жету үшін ата-ана жанталасады. Бұл жерде айтпағымыз,  мектепалды даярлық тобынан сауатын ашып барған бала, 1-сыныптың «Сауат ашу» кітабынан жалығып, білімге деген құштарлығы жойылмай ма? Бұрын қалай еді, әліппе оқулығын бірінші жарты жылдықта бітіріп, екінші жарты жылдықта ана тіліне көшетін. Баланы бөбекжайдан сауатын ашып, мектепке келіп тағы да «Сауат ашу» оқулығымен басын қатырып, наурызға дейін әріптерді созғанда не таптық? Біліп келген бала «Білемге сап» мұғалімді шаршатып, ақыр соңында қызығушылығы жоғалып, үлгерімі төмендеуде. Бұл  айтып жатқаным қала балаларының хәлі. Ал енді ауыл жағдайын, бөбекжай көрмеген балаларды өзіңізше сараптай берсеңіз болады.

Осы мақаланы жазбас бұрын бірнеше бастауыш мұғалімімен пікірлестім. Барлығының айтары бір «Бала түгіл, біздің өзіміз үйрене алар емеспіз. Математика бойынша 2-сынып бағдарламалары кездеседі. Балабақшадан  біліп танып келген бала үшін қызықсыз болуда.. Ең қиыны қағазбастылыққа екі есе жегілдік. Оқулықтың ең болмағанда әдістемелік құрал кітапшаларының болмағаны »- дейді мұғалімдер.  Ия, қоғамда ұстаз хәлі ауыр. Жоғарының бұйрығына көндігетін де, сөзі аяқ асты болып естілмейтін де осы ұстаздар. Мен  оқулықтардың шығуына қарсы емеспін. Айтпағым, бел ортадан түгендемей, мектепке дейінгі білім беру саласынан бастау алса демекпін.

Мамедалиева Айман Илясқызы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Баланы бақытты етудің 5 жолы

Facebook парақшамыз