Елімізде жаңа комитет құрылмақ

Бейсенбі, 02-Ақпан 2017 / 20:32
Елімізде жаңа комитет құрылмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылады. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды.

«2017 жылдың 1 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен туризм саласын дамытуға байланысты кеңес өтті. Министр Үкімет туризм бойынша өкілетті органның мәртебесін көтеру мен нығайту тұрғысында шешім қабылдағанын айтты. Жақын арада Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылатын болады», — деп жазды Иғали.

Оның айтуынша, кеңес барысында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту тұжырымдамасының жобасы таныстырылған. Кластерлік бағдарламаға елімізде алты кластер қамтылған: Астана қаласы («Еуразия жүрегі»), Алматы қаласы («Еркін мәдени аймақ»), Ақмола облысы («Табиғит пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы»), Шығыс Қазақстан облысы («Алтай інжуі»), Оңтүстік Қазақстан облысы («Жібек жолының жандануы»), Маңғыстау облысы («Кендірлі» Каспий қақпасы).

Жиын барысында А. Мұхамедиұлы отандық туристік қауымдастықтарды 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының  Туризмді дамыту тұжырымдамасының жаңаруына белсенді түрде қатысуға шақырды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз