Ерлі-зайыптылардың арасына есі кеткен түседі!..

Сәрсенбі, 25-Қаңтар 2017 / 08:22
Айдары: Ошақ құты
Ерлі-зайыптылардың арасына есі кеткен түседі!..

Әуелде жаратылған Адам атаға Хауа ананы жұп етіп берген Алла Тағала мейірімді де хикмет иесі. Жаратушы Иеміз Адам атаға Хауа ананы адам баласының көбейіп, ұрпақ тарап, олардың Өзіне иман келтіріп, құлшылық етуі үшін берген. Демек, үйленіп, отбасын құрып, иманды пер-зенттер тәрбиелеу, оларды жетілдіру – Адам атамыздың уақытынан бастап уазипамызға айналған.

Алланың соңғы пайғамбары, елшісі Мұхаммед ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)те өз үмбетіне осы тұрғыда үлгі көрсетіп, отбасын құрудағы тәртіп қағидаларын үйретіп кетті. Егер де отбасы бұзылса, үлкен қасірет, күнәнің мол болатындығын айтты. Біз, мұсылмандар, Алланың қаһарынан қорқып, мейірімі мен разылығын қалайтын қауымбыз. Сол Раббымыздың елшісі әрі сүйікті досы болған пайғамбарымыздыңған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға апарар жолын ұстанған жамағатпыз. Бірақ та, өкінішке орай, мұсылманбыз дегенімізбен, дінімізді жете түсіне алмай жатқан жағдайымыздың бары да ақиқат. Осыған апарар себептердің бәріне емес, біріне тоқталайын.

Бұл қаракөз қазағымыздың арасындағы ажырасулардың көбейіп бара жатқандығы, жас отбасылар шаңырағының шайқалуы. Әр істің нәтижесі – оның басталуына байланысты. «Бисмиллә» деп басталған іске Алла өзі берекетін береді. Алласыз, харам араласып басталған істің қайыры болмайтыны рас. Сол сияқты жас жұбайлардың ажырасу себебін де олардың үйленер алдындағы әрекетінен іздеген жөн секілді.

Жастарымыздың отау тігердегі жолына назар салып көрсеңіз. Үйленерде тек қыздардың ғана емес, жас жігіттердің де көпшілігі болашақ жарын иманды, ақ пейілді, әдептілер қатарынан емес, сыртқы мүсініне ғана қарап, жағдайы жарамдысын іздестіріп жатады. Ол не үшін отбасы құрғанын өзі де түсіне бермейді. Халықтың бәрі осылай істеп жатыр деп ойлап, отбасын құрады. Бұлай қосылған жұптардың дұрыс отбасын қалыптастыру жайында мақсаты айқын болмауы мүмкін. Бір-бірімізге бірге өмір сүру ұнаса, тұра берерміз, болмаса кейін көре жатармыз деген жеңіл ойға беріледі. Егер кейбір жағдайлар көңілінен шықпаса, ажыраса салу олар үшін түк емес. Отбасын құру – Алланың бұйрығы, Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті екенін, Алла Елшісінің ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қияметте үмметімен мақтанатынын ойына да алмайды. Көп жағдайларда осындай ойы таяз жұптарға дінімізде харам етілген ішкілік, мас ететін әртүрлі заттарды қолдану да жығылғанға жұдырық болып жатады. Жұбайлардың әрқайсысы одақтасып емес, жеке қалауларымен ғұмыр кешкілері келеді. Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылардың арасына ата-ана, ағайын-туыс кірісіп, кімдікі дұрыс, кімдікі қате екенін анықтауға тырысып жатады.

Ағайын-туыс пен ата-ананың міндеті – жанжалдасып қалған балаларының арасын татуластырып, басу айтып, отбасының бұзылуына жол бермей, ақыл-кеңес беру болып табылады. Бірде Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)хазреті Әлидің ған Алла разы болсын) үйіне барғанда, Фатима анамызған Алла разы болсын)  хазреті Әлидің ған Алла разы болсын)  өзімен келісе алмай, ашуланып кетіп қалғанын айтты. Сонда Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оның қайда баруы мүмкін екенін біліп, мешітке іздеп барады. Сөйтсе Әли ған Алла разы болсын)  мешітте құмның үстінде ұйықтап жатыр екен (себебі ол кезде мешіттерде кілем болмаған). Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, Әли тұр», – деп оны тұрғызып алып, үйіне ертіп келеді де, қоштасып үйіне қайтады. Міне, пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  олардың араларында не болғанын, қалай болғанын сұрап, айыптыны айқындаған жоқ. Себебі ол Әли мен Фатима анамыздың ған Алла разы болсын) өз араларындағы мәселе болатын. Алланың Елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  осы ісімен ерлі-зайыптылардың арасында болған келеңсіз жағдайларда кінәліні іздемеу керектігін көрсеткен.

Шариғат қағидаларымен тәрбие көрген, соған сай өмір сүретін адамдар үйленудегі мақсатын – Алланың бұйрығы, Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті, ұрпақ көбейтіп, оны иманды да ибалы етіп өсіру, зинадан қашып, Алланың халал еткен некесіне отырып, адал жұбайымен бас қосу деп біледі. Үйленгеннен кейінгі амалы шариғаттың отбасына байланысты талаптарына сай ғұмыр кешу болады. Міне, осындай асыл мақсаттарды алдына қойып үйленген жанұяның бұзылуы екіталай. Себебі, Исламды нық ұстап, ниеті дұрыс болып, қашан да Аллаға дұға етуші ерлі-зайыптыларға Жаратушы бейбітшілік пен берекет береді. Алла Тағала Құранда: «Олармен жақсы, байыпты түрде мәміле жасаңдар» («Ниса» сүресі, 19-аят), – дейді. Ал Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өз хадисінде: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – әйелдеріңізге жақсы қарағандарыңыз», – деген. Егер осынау өсиет сөздерге амал етіп, зайыбы ерінің тілеуін тілеп құрметтесе, сырын сыртқа шашпай, абыройын биіктетсе, әр істе сабыр етсе, екеуі бірге сәждеге бас қойса, перзенттеріне мұсылмандық тәлім-тәрбие берсе, отбасында ынтымақ пен тыныштық болса, міне, бұл нағыз Ислами үлгілі отбасы болғаны. Мұндай жанұяның ыдырауы әсте мүмкін емес.

Әйел адам – отбасының ұйытқысы. Шаңырақтың шайқалмауында, ұлттың ұлт болуында әйелдердің рөлі орасан зор. Әйелі бұзылған қауымнан жақсы ел шықпайды, ол құриды. Сондықтан, отбасындағы әйелдің орнына қатысты кейбір мәселелерді аз-кем әңгімелей кетсек. Жоғарыда отбасылық татулық тұрғысынан сөз қозғадық. Соған қатысты тағы бір мәселе, яғни әйелдің ең маңызды міндеттерінің бірі – үйдегі болған сырды сыртқа шашпау, сыр сақтау. Бұл салиқалы да пәк әйелге тән сипат. Ерлі-зайыптылардың сыры сыртқа шықса, отағасының абыройына нұқсан келеді. Осы орайда бір оқиғаны айта кетсек.

Ертерек заманда Құдайға құлшылық қылған, тақуа бір жігіт өмір сүріпті. Жігіт ер жеткенде әкесі үйлену туралы сөз көтерсе, ол қашқалақтай береді екен. Себебі ол еркектік қуаттан мақұрым болатын. Бұл жағдайдан мүлде хабары жоқ әкесі баласының қарсылығына көнбей, бір қызды тауып, некелестіріп, үйлендіріп қояды. Той өтіп, екі жас жеке қалған шағында әлгі жігіт қалыңдығына: «Сен мені кешір, сені бақытты ете алмаймын, саған тең жар емеспін», – деп ағынан жарылып, айыбын айтады. Қаласа, ертең-ақ кетуіне рұқсат береді. Ата-анасына себебін өзі түсіндіретінін білдіреді. Сонда әлгі жас келін: «Ортамызда неке оқылды, мен сіздің шариғи әйеліңіз болдым, енді арамызда бір-бірімізден ешқандай сыр болмауы тиіс. Сіздің сырыңыз – менің сырым, күйеуінің сырын әшкере еткен әйелдің екі дүниесі де қараң болады, ол әртүрлі азап-қиыншылықтарға душар болады. Мен ондай әйелдерден емеспін, сіздің сырыңызды ашып, еш пенденің алдында масқара етпеймін», – деп сол үйде қызметін істеп қала береді.

Арадан жеті жыл өтіп, «бедеу» деген жаман атқа қалса да, күйеуінің сырын ашпайды. Барлық қиыншылықтарға сабыр етіп, күйеуімен өмір сүре береді. Бір күні немере сүйгісі келген жігіттің әкесі, баласын шақырып алып: «Қашанғы бұл тумас келінмен өмір сүріп, жастық шағыңды өткізе бересің? Сен әке, мен ата болуым керек емес пе? Жетер енді, бұл келіннің рұқсатын беріп жібер, мен саған басқа келін алып беремін», – дейді. Жігіт өте қиын жағдайға түседі. Өзін жанынан жақсы көрген, кемшілігіне көз жұма қараған әйеліне қалайша кет деп айтпақ? Міне, сондай әрі-сәрі күндерінің бірінде әйелі: «Бекзадам, соңғы күндері жүріс-тұрысыңыз өзгеріп, қиналып жүрсіз, менен бірдеңені жасыратын сияқтысыз. Айтыңыз, сізді қинап жүрген мәселені бірге шешерміз», – деп айтпасына қоймапты. Соңында жігіт әкесінің сөздерін әйеліне айтуға мәжбүр болады.

Өзіне қатысты қаншалықты ащы сөздерді есіткенде көздеріне жас толып тұрып, күйеуіне ашуланбай нәзік дауыспен: «Жарайды, мен разымын! Бірақ, бір өтінішім бар: мен кеткен күннен бастап қырық күн өткізіп барып үйленіңіз», – дейді де, ата-анасының үйіне жол тартады. Өз әке-шешесінің үйіне келген соң оларға: «Мен қырық күн бойы өз бөлмемде отырып, Аллаға ғибадат-құлшылық жасаймын, маған ешкім кедергі жасамасын», – дейді. Ол қырық күн бойы Аллаға жалынып-жалбарынып, күйеуінің ақысына дұға етіп, оны айыбы ашылуынан, масқара болуынан сақтауын сұрайды. Бұл арада жігіт үйленіп, басқа әйелімен некесі қиылыпты. Екі от арасында қалған жігіт қатты қайғырады. Бір жағынан бірінші халал пәк болған әйелін ойласа, екінші жағынан айыбының баршаға аян болатынын ойлап күйінеді. Сонда ол өзі үшін соңғы шара өлімді абзал көріп, у ішіп жанына қастандық жасайды. Жаңадан келген жас келін бөлмесіне кіргенде, жігіт есінен танып қалады.

Сонда Алланың кереметімен қырық күннен бері күйеуінің тілеуін тілеген бірінші жұбайының дұғасы қабыл болып, жігіт ішкен у шипаға айналады. Көп жылдан бері еркектік қуатсыз болған жігітке Алла Тағала еркектік қуат беріп, масқаралықтан сақтайды. Ертеңгі күні жаңа келін күйеуінің бір топ әйел туыстарымен төркініне бара жатып, жолда кенеттен дүние салады. Марқұм болған келіннің жаназасы шығарылып, жерленгеннен екі-үш күн өткен соң, жігітті әкесі шақырып алып: «Балам, бұл да маңдайыңа жазылған екен, көп қайғырма, біраз уақыт өтсін, тағы да үйлендіреміз», – дейді. Сонда жігіт әкесіне көптен бері жасырып жүрген дерті болғанын айтып, одан қалай айыққаны туралы баяндап жатқанында, әкесі сөзін соңына дейін тыңдауға шыдамай бұрынғы келінінің үйіне беттейді. Үйіне кіргенде алдынан келіні шығып қарсы алады. Сонда жігіттің әкесі келінінің маңдайынан сүйіп, көзіне жас алып, үйіне ертіп келген екен.

Сол әйел сүйген күйеуімен иманды ұрпақ тәрбиелеп, бақытты да баянды ғұмыр кешкені айтылады. Бұл оқиғадан сабырлы да салиқалы, мұсылман әйеліне тән күйеуіне бағынған, сырын сыртқа шашпаған, әр ісінде Аллаға дұға етуші тақуа әйелді көреміз. Міне, мұндай әйелі бар отбасының ері бақытты, ұрпағы ата-анаға адал, иманды болары анық.

Алла Тағала елімізге тыныштық, мұсылмандарға бірлік, айрандай ұйыған отбасыларға татулык, мейiрiм, берекет берсін.

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз