Жаңа жинақтардың жасөспірімдерге берері мол

Сейсенбі, 24-Қаңтар 2017 / 17:37
Жаңа жинақтардың жасөспірімдерге берері мол

Соңғы жылдары елімізде балаларының «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» білім алғанын қалайтын ата-аналардың саны артып келеді. Сөзімізге Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантының конкурстық іріктеу сынына қатысуға ниеттенген %d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d1%81%d0%b0%d2%93%d0%b8%d0%b4%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0оқушылардың жылма-жыл көбеюі дәлел бола алады. Әрине, дарындылардың дарындысын, мықтылардың мықтысын ғана қабылдайтын «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» сынағынан өту де оңай шаруа емес. Жуырда ғана аталмыш білім ошақтарында оқуды көздеген жас өскіндерге көмек құралы ретінде қазақ тілі, математика және ағылшын тілдерінен «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған тест жинақтары» жарық көрген болатын. Осыған орай, қазақ тілінен тест сұрақтарын құрастырып, дайындаған Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім ассистенті (Халықаралық Бакалавриат/IB) қызметін атқарып жүрген Қазбек Сағидолдамен сұхбаттасқан едік.

-Қазеке, бастамаларыңызға Алла береке берсін! Ата-аналар мен оқушылар қуанып жатқан болар?

%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%ba%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d0%b4%d2%af%d0%b9%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d0%b9

Серікболсын Дүйсембай

-Көп рахмет! Иә, кітаптарға қол жеткізген ата-аналар алғыстарын айтып, қуаныштарымен бөлісуде.Негізінен, бұл Назарбаев университеті түлектерінің идеясы. Бастаманы алғаш қолға алған көптеген халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, Назарбаев Университетінің 2016 жылғы түлегі, қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы Король Абдулла атындағы Ғылым және Технология университетінің магистр/докторанты Серікболсын Дүйсембай болатын. Бұған дейін ол Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған математика мен ағылшын тілінен тест жинақтарын жасап шығарып, мамандар тарапынан өте жоғары баға алған еді. Аталған жинақтармен дайындық жүргізген оқушылардың басым бөлігі былтырғы конкурстан сүрінбей өтіп, биылғы оқу жылында «Назарбаев зияткерлік мектептерінде» білім алып жатыр. Есесіне Серікболсынға тағы да ұсыныстар түсіп, биыл оныңматематикадан дайындаған тест жинақтары қазақ тіліндегі нұсқасымен қатар орыс тілінде де жарық көрді.

-Білуімше, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдау аяқталуға жақын. Жинақтарды сатып үлгеріп жатырсыздар ма?

-Жинақтар өткен аптада ғана басылып шықты. Қазақ тілінен дайындаған тест жинақтарымыздың біразын Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларына жөнелттік. Басқа да өңірлерге сұраныстар түсіп, оларға да жеткізіп беруге тырысып жатырмыз. Ал Астана қаласына тиесілі кітаптардың дені сатылып, қолымызда санаулысы ғана қалды. Бірден үш пәннің тест жинақтарын алғысы келген ата-аналарымызға қарастырылған жеңілдіктеріміз де бар. Әзірге құжаттардықабылдау жүріп жатқандықтан әлеуметтік желілер арқылы жинақтарымызды жарнамалап жатырмыз. Өйткені, конкурс наурыз айының 11-12 күндеріне белгіленген. Сондықтан, үміткерлер жинақтарымызбен қазірден бастап дайындалса да үлгередідеп ойлаймын.

16237250_1208476995940205_186968166_n

-Дұрыс екен. Енді жинақтың өзімен таныстыра өтсеңіз…

Серікболсын дайындап шығарған жинақ көптің көңілінен шығып, алғысқа бөленгесін біз де талабы таудай оқушыларымызға бір көмегіміз тисін деген оймен осы істі қолға алдық. Қазақ тілінен тест сұрақтары Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау емтиханында кездесетін тапсырмалармен жүз пайыз ұқсас. Бір нұсқамен ғана шектелген баланың дайындығы нашар болатыны белгілі. Сондықтан, жиырма нұсқада 400 сұрақ құрастырдым.Әр нұсқаны шешкен оқушы байқампаздыққа бейімделіп, алдында жіберген қателікті қайталамауға дағдыланады. Нәтижесін алдағы конкурстың қорытындысы көрсетеді. Сондай-ақ, биыл Назарбаев университетін үздік дипломмен бітіруге үмітті қарағандылық қарындасымыз Айнұр Шәріп те кішкентай бауырларымызға бағыт-бағдар ретінде ағылшын тілінен тест сұрақтарын дайындады. Ондағы сұрақтардың да дені көктемгі конкурста кездесетін тапсырмаларға сай жасақталған. Құдай бұйыртып жатса, дарынды жастардың Назарбаев Зияткерлік мектептері қабырғасында білім алуына бір септігіміз тиіп қалар деп сенемін.

-Қысқа-нұсқа сұхбатыңызға рахмет! Еңбектеріңіз жемісті, жинақпен дайындалған жасөспірімдер жеңісті болсын!

Сұхбаттасқан Ермұрат ШОПАН

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз