Жаңа жылдарыңызбен…!!!

Дүйсенбі, 02-Қаңтар 2017 / 22:31
Жаңа жылдарыңызбен…!!!

                                                       Қадірлі оқырмандар!         

                                      Сайтымыз биік белестерден көріне береді

                                                                                                   

 

Мінеки, тағы бір жыл Жұмыр жерге аяқ басты. Ресми жаңа жыл 2017-інің де сағаттары алғашқы күндері сынаптай сырғып Тарих бабаның мұражайына сан түрлі оқиғаларды тиеп апарып, көзден бал-бұл ұшып жатыр. Уақыт шынында да өте жылдам өтіп, артқа бұрылуға шамаңды келтірер емес. Иә, сіздер етене жақын болып, көңілдеріңіздегі сырларыңызды, ойларыңызды бөліскен сөйтіп сырлас досқа айналған «ЕлАна» қоғамдық-саяси танымдық сайтының өткен жылы ғана дүниеге келгенін жақсы білесіздер. Бір жасқа тола қоймаған сәби сайт шүкір, өзге аға сайттармен иық теңестіріп, жаңа көзқараспен, жаңаша іс-қимылмен, ең бастысы өмірге ғашықтықпен, еңбекқорлығымен тез танылды.

Биыл да «ЕлАна» алдына таудай-таудай міндеттер, жоспарлар қойып отыр. Серіктесі «Қазақстан Заманмен» бірлесіп жүзеге асырар жобалары өзінше бір төбе. Биыл елімізде ерекше жыл. Студенттердің қысқы универсиадасы. ЭКСПО көрмесі. Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, еліміздің абыройын әлемдік дәрежеге көтеретін осы ұлы оқиғаларға өзіндік үлесімізді қосамыз. Әсіресе ұлттық тұрғыдағы ұрпақ тәрбиесі «ЕлАнаны» толғандырып тұр. Бүгінгі, кешегі жіберген кемшіліктеріміз, қателіктеріміз отбасыдан басталып, ол мектептерде жалғасып қоғам дамуына зор әсерін тигізіп отыр. Осы көкейтесті мәселеге зор көңіл аударылады. Күнделікті жаңалықтар тасқыны, еліміздегі, әлемдегі болып жатқан оқиғаларға өз көзқарасын білдіру «ЕлАнаның» басты парызы. Биыл тағы да бір көңіл аударатын зор мәселе ақсап жатқан демографиямыз. 18 млннан астық. Бірақ өсіміміз баяу алға жылжып жатыр. Сырттағы бауырларымыздың оралуы, олардың мұндағы жағдайлары «ЕлАнаны» алаңдатады. Білім мәселесі, үш тілділік – оның зияны мен пайдасы жөнінде де терең ой қозғау біздің парызымыз. Басқа да «мені жаз, мені жаз» деп өрекпіген тақырыптар жетерлік. Құдай қаласа, сайтымыз биыл да жаңа биіктерден көрінетіні сөзсіз. Оған қадірлі оқырмандар сіздер де ат салысады деген үміттеміз һәм сенімдеміз. Сонымен біз сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық-есендік, береке-ырыздық, ең бастысы сәттілік, бақыт, қуаныш тілейміз. Халқымыз ынтымақ-бірліктен ажырамасын!

                                                                                                          Зор құрметпен,

                                                                                                                                     Сәуле Мешітбайқызы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз