Кәсіпкерлерге қойылатын талаптар саны азайды (Видео)

Сенбі, 11-Ақпан 2017 / 12:38
Кәсіпкерлерге қойылатын талаптар саны азайды (Видео)

Еліміздің Бас прокуратурасы кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірген мемлекеттік қызметкерлерге аяушылық болмайтынын айтты. Қадағалаушы орган өкілдері тек өткен жылдың өзінде заңсыз жүргізілген 700-ге жуық тексерістің жолын кесіп, 300 шенеунікті жауапқа тартқан. Бұл туралы Қарағандыда өткен көшпелі мәжілісте Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді. Тексеріс барысында Қарағанды облысындағы бірқатар мемлекеттік мекемелердің былығы әшкере болған. Прокурорлар отандық бизнестің өркендеуіне тұсау болып отырған әкімшілік кедергілердің шамадан тыс көп екенін айтады. Айталық, тек СЭС пен Төтенше жағдай қызметі тарапынан кәсіпкерлерге 14 мыңдай талап қойылады. Ал прокурорлар соның 11 мыңы негізсіз екенін дәлелдеді. «Сонымен қатар бизнес өкілдеріне салынатын әкімшілік айыппұлдарды да жеңілдету қажет», – дейді мамандар.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз