Мені өз әйелімнен артық сүйетін әйел…

Бейсенбі, 05-Қаңтар 2017 / 15:32
Айдары: Діл
Мені өз әйелімнен артық сүйетін әйел…

Өмірдің тамаша сәттерін үнемі көзбен көріп, қолмен ұстап тұра алмайсың. Оны тек  жүрек көзімен ғана сезінетін кездер болады.

Бірде досым төмендегі әңгімені айтқан еді:

«Жұбайымыз екеуіміз көп жыл бірге өмір сүрдік. Бір күні әйелім маған бүгін басқа  әйелмен бірге  мейрамханада   тамақтанып, кино көріп, кешті бірге өткізуіміз  үшін  ұсыныс жасады. Әйелім: «Ол әйел сені менен артық сүйеді, онымен бірге тамақтанып, әңгімелесу оны өте қатты қуантады»,-деді. Әйелімнің кешті бірге өткізуге ұсыныс жасаған ол әйелі… менің АНАМ екен. Әкем дүниеден қайтқан соң 19 жыл бойы жалғыз өмір сүріп жатқан анам еді…»

Иә,  барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Өмір сабақтары

Facebook парақшамыз