Мұғалім болудың сансыз кемшіліктері мен бір-ақ қана артықшылығы

Сәрсенбі, 15-Ақпан 2017 / 07:42
Мұғалім болудың сансыз кемшіліктері мен бір-ақ қана артықшылығы

Кемшілігі:

1.Жалақы. 50-55 мың жалақымен, келісерсіз, қарызға ғана өмір сүре аласың. Қарыз аласың қайтарасың қарыз аласың. Тек жолыма жарты жалақым кетеді…

2.Жұмыс кестесі. Таңертең істейсің бе, түстен кейін бе, маңызды емес. Таңғы 8-ден 13.00-ге дейін жұмыс істей отырып, мұғалімдер жетіспегендіктен міндетті түрде біреуді алмастыру үшін түстен кейін де жұмыста қалатының белгілі. 12 сағат аяқтан тік тұрып жүргеніңе бәрінің түкіргені бар. Мектеп үйің. Шаршағаннан көзің ісіп, жанашыр әріптестеріңнің «түрің не боп кеткен?» деп аяйтыны бар (әйелдер ұжымы жыландар мекені). Ерік-жігерің де, фигураң да келмеске кетеді (себебі дұрыс тамақтану жоқ).

3. Қағазбастылық. Бітпейтін есептер, кестелер мен жоспарлар. Қолыңда «комиссия үшін» деген жалаумен ешкімге қажеті жоқ ақпараттар нығыздалған қырғын папкалар. Сол комиссия мектепте тұратын сияқты өзі. Бітпейтін тексерулер. Комиссияға дайындығымызды тексеретін комиссиялар бар. Тексерушілер сен оқытатын оқушылардан да көп, қандай да бәр құжат жетіспей қалса, әркім сені жай ғана мақұлық емес, үш еселенген мақұлық қып көрсеткісі келеді. Әрине, дәптерлер… Бітпейтін тау-тау дәптерлер. Сыныбыңда 37 бала болса, 37 дәптерді 4-ке көбейтсең, кешке тексеру керек дәптер саны шығады. Кейде бақылау жұмысы деген бонус бар.

4. Жалпыға ортақ білім. Жылына екі рет жазда және Жаңа жылдан соң, аяз сықырлап тұрған кезде пәтер аралап, 0 мен 18 жас аралығындағы балалардың тізімін жасаймыз. Егер біздің мектепте оқымаса, оның мектебіне барып, анықтама аламыз. Әрқайсымызда 100-200 пәтерден. Адамдар көзіңше есікті тарс жауып, боқ-ауыз сөз айтып, кейбірі қырындап жатқанда, сыпайылық танытып, бәріне төзуге тура келеді. Анықтама жинамай, бір пәтер қалып кетсе сөгіс аласың. Үш сөгістен соң жұмысыңмен қош айтысуыңа болады.

5. Сыртқы келбетің мен жеке өмірің жайлы айтуға ауыз бармайды))) үсті-басың бор жағылған немесе сия-сия, киген киіміңе әжең ғана қызығады. Жұмыста өңшең әйелдер мен түте-түтесі шыққан физрук қана. Бір-екі жыл шыдасаң, сенің де тағдырың осындай болады. Зомбиге ұқсайтын қыз кімге керек? Қызығатын адам бар ма? Тып-тыныш)) Жігіттер-ау, қыдырмайтын, үйкүшік қыз қалаушы едіңдер ғой… Мен клубқа бармаймын, фейсконтрольден өтпей қалам). Қайдағы клуб, таңғы 6-да жұмысқа тұруым керек. Менің құрбы-құрдастарым өздеріне әдемі көйлек таңдап, ұзын кірпік жабыстырып жүргенде, мен кесте құрып, жоспар жазып отырам. Еркектерге өз-өзін күтетін қыз керек, сондықтан тағдырыңа көнуге тура келеді. Жеке өмір туралы ұмыт.

6. Мамандығымның жағымды тұсына келсек. Ол біреу ғана. Сені кіршіксіз, риясыз сезіммен жақсы көретін оқушыларың, әрине егер сен мен сияқты керемет мұғалім болсаң… Мен мектепке кіріп, бір күн бойы көрмей, сағынып, құшақтау үшін алдымнан жүгіріп шыққан балақайларды көргенде… Қателесіп, сөз арасында мама деп қалғанда… Кешегі күні қалай өткенін әңгімелеп бергенде… Салған суреттерін саған немесе мамасына сыйлағанда… Сен олардың ең жақын досы болғанда, мектепте не үшін жүргеніңді түсінесің.

Дереккөз: Бақ.кз порталы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

1 Comments on “Мұғалім болудың сансыз кемшіліктері мен бір-ақ қана артықшылығы

  • Бағдал Ақынұлы

    Мұғалімдердің бүгінгі өмірін боямасыз шынайылықпен тамаша суреттеп жазған екен. Бұл шындық! Әрі, Білім министірлігінен бастап облыстық, қалалық білім беру басқариалары бұл кемшілікті мойындап, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасайтын болар деп сенейік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз