Мәдениет саласының майталмандары Елбасының стипендиясын иеленді

Сәрсенбі, 04-Қаңтар 2017 / 21:11
Мәдениет саласының майталмандары Елбасының стипендиясын иеленді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы бірқатар тұлғаларға берілді. Олардың қатарында белгілі қаламгерлер, өнертанушы-ғалымдар, кино мен театр саласының майталмандары да бар. Ресми хабарламада:

«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын»-делінген.

Ал, ел мәдениетіне маңдай терін сеніп төккен азаматтардың толық тізімі төмендегідей:

Айтхожина Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Асанов Камашке (Қойлыбай) – 1964 жылы туған, айтыс зерттеушісі

Әбдіков Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әлімбаев Мұзафар – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әскербекқызы Жанат – 1966 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы

Әшіров Ахметжан – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, “Құрмет” орденінің иегері

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Гаркавец Александр – 1947 жылы туған, түрколог-ғалым, қоғам қайраткері

Елеукенов Шерияздан – 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Елубаев Ескен – 1942 жылы туған, ақын

Елубаев Смағұл  – 1947 жылы туған, жазушы

Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері

Жұртбай Тұрсын – 1950 жылы туған, жазушы

Жүніс Ерлан – 1984 жылы туған, ақын

Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын

Құмарова Шәрбәну – 1936 жылы туған, жазушы

Қыдырханұлы Уақап – 1932 жылы туған, жазушы

Мұртаза Шерхан – 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Мырзахметов Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, жазушы

Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, ғалым, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сараев Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Темірбай Алмас – 1979 жылы туған, ақын

Ыдырысов Әбілфайыз – 1930 жылы туған, жазушы

Өнер қайраткерлері:

Абдуллина Айша – 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абжанова Анар – 1986 жылы туған, суретші

Адамжанов Бахтияр – 1992 жылы туған, балет солисі

Арынбаев Медеу – 1967 жылы туған, әнші

Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Баспаева Мәдина – 1985 жылы туған, балет солисі

Баяхунов Бәкір – 1933 жылы туған, композитор

Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, суретші, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы

Дүйсекеев Кеңес – 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері

Еркімбеков Жексембек – 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Есқалиев Әзидолла – 1934 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жармұхамед Тасқын – 1981 жылы туған, композитор

Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор

Жақыпова Гүлнәр – 1957 жылы туған, кино және театр актрисасы

Кенжебекова Алмахан – 1950 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі

Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Қарсақбаев Ыдырыс – 1932 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі

Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Құдайбергенов Димаш – 1994 жылы туған, әнші

Мәлібеков Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Мәмбеев Сабыр – 1928 жылы туған,  Қазақстанның халық суретшісі

Молодов Анатолий – 1929 жылы туған, КСРО халық әртісі

Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, “Парасат” орденінің иегері

Нөгербек Алтынай – 1976 жылы туған, актриса

Нүсіпжанов Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі

Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвира – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Рысқали Ерлан – 1982 жылы туған, әнші

Сақиева Күләш – 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Сарықұлова Гүлшара – 1925 жылы туған, өнертанушы

Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тоғызақов Ерболат – 1948 жылы туған, актер

Толоконников Владимир – 1943 жылы туған, актер, Қазақ КCP еңбек сіңірген әртісі

Трегубенко Андрей – 1978 жылы туған, әнші

Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Уәлиханов Шота – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Шәріпова Зәмзәгүл – 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Ыбыраев Ахат – 1987 жылы туған, кинорежиссер, продюсер

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз