Мәжіліс депутаты Қапшағайдың қал-жағдайымен танысты

Жұма, 06-Қаңтар 2017 / 11:49
Мәжіліс депутаты Қапшағайдың қал-жағдайымен танысты

Жыл сайынғы дәстүр бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары республиканың түкпір-түкпірін аралап, халықтың жағдайын, экономикалық әлеуетін, келелі мәселелердің жай-жапсарымен танысып жатқанын жақсы білеміз. Мәселен, күні кеше Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Алматы облысына жасаған сапарында Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысын бақылап қайтты. Бұл туралы«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі хабарлайды.

Зауыт  басшысы Бақытжан Мұсанов депутат Е.Барлыбаевты зауыт жұмысымен таныстырып, бұл зауыт 4 цехтан тұратынын және осында 150 адам жұмыс жасайтынын айта кетті.

Одан әрі, депутат   Е.Барлыбаев зауыттың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында мекеме жұмысшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында депутат «Ақ жол» партиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау екендігіне тоқталды. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз