Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтады

Жексенбі, 01-Қаңтар 2017 / 13:39
Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтады

 

Қымбатты отандастар!

Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.

Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.

Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды.

Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.

Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын!

Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды.

Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік.

Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық.

Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады.

Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет.

Келер жылы Астана меймандары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бас қосатын болады.

Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады.

Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады.

Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.

Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз