Наурыз мерекесіндегі 100 тілек

Я, Раббым! Наурызда мейрамындағы күллі мұсылманның жүрегіндегі осы 100 тілектi қабыл ет!

1. Кемістің кемтігін толтыр,
2. Олқының орнын толтыр,
3. Үйсізге- үй,
4. Күйсізге-күй,
5. Баласызға-перзент бер!

6. Дертке-дауа,
7. Басқа- амандық,
8. Көңілге-түгелдік,
9. Елге-тыныштық,
10.Басшыға-хидаят бер!

11. Ажалға- сабыр,
12. Сабырсызға-тоқтам,
13. Санасызға-сана,
14. Қатігезге-мейірім
15. Ұятсызға-иба бер!

16.Ұрпақты -саналы,
17.Қызды-ұятты,
18.Ұлды-ұлықты,
19.Келінді-ибалы ет,
20. Отбасына береке бер!

21. Адал асыңды,
22. Ғұмырлы жасыңды
23. Қадірлі қарттығыңды
24. Нәмәртқа мәрттікті
25. Сараңға жомарттығыңды бер!

26. Сәждеге басы тигеннің күнәсін,
27. Намазының қазасын
28. Дәреті мен құлшылығының кемісін
29. Ғайбат айтқан сөздерін
30. Пәндәуи қателегін кеше гөр!

31. Кісіге қиянаттан аулақ ет
32. Пендеге-кіріптар қылма,
33. Күншілге көрші қылма,
34. Жақсыға– жолдас,
35. Жаманнан қашық ет!

36. Имансыз қалудан сақта,
37. Арсызға жем болудан сақта,
38. Тәубеден жаңылдырмай,
39 Тобаларды қабыл ет,
40. Шүкір еткеннің шекесін шылқыт!

41. Қанағаттыға еселеп
42. Төзімдіге төгіп бер.
43. Төзімсізге-төзім
44. Сезімсізге -сезім бер,
45. Ар, ұят, иман, сенім
бер!

46. Заманның зұлматынан сақта,
47. Қоғамның соқырлығынан,
48. Басшының таяздығынан,
49. Қосшыларының жағымпаздығынан,
50. Ұжымдастың аярлығынан сақта!

51. Көңілдері көрікті ет,
52. Аллаға жағар амал бер,
53. Пейілге-кеңдік,
54. Ниетке-тазалық беріп,
55. Адастырмай- түзу ет!

56. Мұсылманға пана бол,
57. Жетімді жебеп жылатпа
58. Қазақты төмен қаратпа,
59. Көк байрағын шаншылтып,
60. Назарын жұрттан биік қыл!

61. Асытпа, тасытпа сонда халықты
62. Тәубесінен жаңылдырмай
63. Мәңгілік еткей ғұмырын
64. Басынан бағын тайдырмай
65. Тіл-көзден сақта жұртымды!

66. Кәсіпке-адалдық
67. Байға-ынсап,
68. Кедейге-молшылық
69. Малсызға-мал
70. Талансызға-талан бер!

71. Дарындыны-сүріндірме
72. Өнеріне шабыт бер,
73. Шығармашылық табыс,
74. Биікке жетелер мұрат бер,
75. Сол шыңға шығар қуат бер!

76. Жаманға –жалындырма
77. Тексізбен дос ете көрме -жаласы болар,
78. Жетімінің көз жасына қалдырма-наласы болар.
79. Құдаға қадірлі ет,
80. Ағайынға айбынды ет!

81. Дастарханның берекесін бер,
82. Отбасысының мерекесін бер,
83. Тілектерді түгеспей, үзілдірмей, үзбей бер
84. Адамның алалауынан сақта
85. Нақақтан қаралаудан сақта!

86. Жаратқан ием Жар бол,
87. Қалаулы пендеңнің қатарынан ет,
88. Нығметке бөлер құлдарыңнан қыл,
89. Бәсіреңді бөліп бер
90. Несібеңді толық бер!

91. Бере көр,
92. Мейіріңді төге көр,
93. Айдан- аман
94. Жылдан-жарылқап,
95. Белшемізден батыра көр!

96. Халқымның-бірлігін,
97. Жерімнің-тұтастығын,
98. Тәуелсіздіктің-баяндылығын,
99. Тілімнің-мәңгілік ғұмырын бер!

100. Ия, Алла пенделеріңнің тілегін беріп, жүректерге иман мен сабыр ұялата көр! Әмин!

 

Авторы: Анар Төлеухан, https://www.facebook.com/anar.toleukhan

2 thoughts on “Наурыз мерекесіндегі 100 тілек

  • 24.10.2017 at 12:18 +06
    Permalink

    Сәуле апай, өзге де әріптестер, бұл тілектің авторы мен, 2016 жылы 11 қарашада Жұмаға 100 тілек деп жазып ол фейсбукте жарияланып, 104 адам бөлісіп алып кеткен. Содан бір күні өзіме авторсыз ватсаппен келіп тұр, іздестіргенміде Орынбасар Сатаев деген азаматтан тарап жатыр деген соң хабарласып едім ол кешіріңіз сіз екеніңізді білмедім, маған да ватсаптан келгесін қойып едім деп атымды жазды. Содан “Алайайнасынан” көріп оларға авторы екенімді жазып едім, арада біраз уақыт өтті өзгере емес, менің жазғаныма куәларым да бар. 104 адам таратып әкеткенінде кейбір айтылған пікірлер де бар ккей пунктін жетілдіру туралы, бірақ мен сонда негі өзгертпейтінім турасында жазғанмын. Кейін парақшамда айтқа лайықтап өзгеріс енгізіп, айт күні бөілскенм ін, сонда сіздердің авторлық құқығымды бұзғандарыңызды айтып постқа жазғанмын. “Алаш айнасы сіздерге сілтеме жасап отыр, сондықтан алдымен сіздер жөндеңіздер. Біреуден сөз ұрлайтын плагиат емеспін. Қатені жөндеулеріңзді сұраймын.

    Reply
    • 24.10.2017 at 14:55 +06
      Permalink

      жазып болғасын тексермеппін, ұят болыпты, қателер кетіп қалыпты, жөндейтін қандай мүмкіндік бар?

      Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған