Немереме хат: Жағымпаз болма және жағымпаздардың сөзіне сенбе

Жексенбі, 01-Қаңтар 2017 / 17:16
Айдары: Талбесік
Немереме хат: Жағымпаз болма және жағымпаздардың сөзіне сенбе

 

Атам қазақ: – Бала адамның бауыр еті, – деген сөзді бала кезден естіп келеміз! Ал, немере баладан да ыстық болады екен. Сондықтан, бос уақытты пайдаланып, немереме бір хат жазып қоюды жөн санадым.

…. Менің жүрегімнің қуаты – Немерем, сен енді ғана бір жасқа толасың, кейін сен ержеткенде мен бұл жалғанда болам ба, жоқ па, оны бір Жаратушы ғана біледі. Сондықтан да кейін есейгенде оқырсың деген ізгі ниетпен болашаққа бір хат жолдауды өзіме парыз санадым.%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%badtbd

Біріншіден, сенің денің сау болып, салауатты өмір сүргеніңді қаладым. Жаман әдеттерден аулақ бол, сонда ғана мағыналы ұзақ ғұмыр кешесің…( Оны кейін өзің саралап аларсың)

Екіншіден, сен ауқатты өмір сүргенің өзің үшін де, ұлтың үшін де маңызды. Бірақ, баюдың жолы әртүрлі, білім мен біліктілік арқылы алдыңа қойған мақсатың жетуге болады. Бұл жол ауырлау, бірақ, қайырлы. Екінші жолы – Елдің байлығын ұрлап шет елге сату, ұрық – қарлық, жемқорлық пен парақорлық арқылы байлыққа қол жеткізу… Бұл ең қайырсыз жолы және халықтың қарғысына ұшырататын қайғылы жағдай. Себебі, сен өзіңнің ұрпағының болашағына балта шабасың…

Үшіншіден, жігітке жеті өнер де аз, – деген екен бабаларың. Сондықтан, басқа өнерлі халықтың тілін біл, өнерін үйрен. Бірақ, қайда жүрсең де Ана тіліңді ұмытпа, Ана тіліңді дамытуға барлық күшіңді сал. Себебі, сенің ана тілің – от басы, ошақ қасы болып бара жатыр. Білім – дипломмен, данышпандық – докторлықпен өлшенбейді. Диплом алу үшін оқыма… Сен де балаңа байлық емес, білім тастап кетуге тырыс, қарағым.

Төртіншіден, жүрегіңнін түкпірінде бір Жаратушы бар екенін сақтап жүр, қарағым.. Басқа дін өкілдеріне де құрметпен қара, себебі, оларды да бір Жаратушы жаратты емес пе?!!! Ортодокс болмаса радикалды – экстремист болғаның , өз от – басыңа ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретінін еске салып кетуді жөн санадым. Сондықтан, дін мен ділдің (Әдет – ғұрып) ара жігін ажыратып алғаның өзіңе пайдалы. Ұлтыңнын салт – дәстүрін дамыта бер, дамыта бер, сонда ғана сенің ұлтың ассимилияға ұшырамай, жер атты планетада Қазақ болып қалады!!!
Еліктегіш болма, болсаң, онда өз ұлтыңнын барлық құндылықтарын ада етесің!!!

Бесіншіден, Жағымпаз болма және жағымпаздардың сөзіне сенбе. Сонда ғана өміріңнін мәні болады. Мыңдаған жыл тарихы бар ҚАЗАҚ деген ұлттың өкілі ретінде, сен де ұлтыңнын тарихын дамытуға күйің келгенше үлес қос. Арзан атақ, марапаттан аулақ жүруге тырыс. Өзіңді көзінше мақтайтын адамдар сақ болғайсың….

Алтыншыдан, Отанды сүю – мінезден, – деген екен атамыз. Қандай көркем мінезді болсаң да, Отаныңа, Ұлтыңа тіл тиген кезде арыстандай айбарлы бол, қарағым!!!
.Даңғазалық – дарақылық пен даңғойлыққа алып келетін тура жол. Сонан аулақ болғаның жөн,

Жетіншіден, Бұ өмірге келген соң әрбір адамның алдына қойған Ұлы мақсаты болады. Ол – артында өзіне сай ұрпақ қалдыру !!! Сен де кейін ата болғанда, немереңе осындай хат жазып кетеді деген үміттемін. Үміт ақталғанда ғана, армандар орындалады!!!

P.S.
Жылғалар бұлақтарға, , бұлақтар өзендерге, ал, өзендер мұхитқа құяды! Ұлтыңа қызмет еткің келсе, болмағанда ЖЕТІ ЖЫЛҒАНЫҢ бірінен аққан судай, ҚАЗАҚ дееген мұхит тектес кең пейілді елдің рухани өміріне бір тамшы болсын өзіңнің пайдаңды тигізуге тырыс!!! Сонда ғана ҚАЗАҚ деген ұлт көк туын, көк аспанның астында мəңгі желбірете алады!!! Оған сенің де үлесің болатынына кəміл сенемін!!! Сенімдер ақталғанда ғана, армандар орындалады!!! Жүрегімнен тамшылаған қанмен жазылған осы хатты бір күні оқып, ойланарсың ….

Құрметпен: – Сені жанындай жақсы көретін атаң

Советқазы Нұрсила

Baq.kz сайтыннан

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз