Н.Ноғаев Ардагерлер активімен кездесті

Дүйсенбі, 13-Ақпан 2017 / 18:59
Айдары: Аймақтарда...
Н.Ноғаев Ардагерлер  активімен  кездесті

Облыс  әкімі  арнайы  келді

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа жылдағы алғашқы төралқа  мәжілісі ерекше жағдайда өтті.  2016 жылдың қорытындысын және 2017 жылғы арналған міндеттерді талқылауға арналған төралқа мәжілісіне қалалық, аудандық кеңестердің төрағалары шақырылды. Мәжіліске облыс әкімі Н. А. Ноғаев арнайы келіп, ардагерлік қозғалысының белсенділерімен жүзбе-жүз кездесті, облыстың экономикалық және мәдени-әлеуметтік ахуалымен таныстырды, ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті, көңіл аударатын мәселелерге тоқталды. Ардагерлер ұйымдарының күнделікті жұмыстарына жоғары баға берді, қозғалыстың өзекті проблемаларын шешу жолдары туралы ақылдасты, қаржыландыру, транспортпен, ғимаратпен қамтамасыз ету мәселелеріне көмек болатындығын атап айтты.

Мәжілісте  республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойын кеңінен атап өту мәселелері жан-жақты әңгіме болды.

Мәжілісте сөз сөйлеген облыстық кеңестің төрағасы Қ. Ризуанов облыс әкіміне күнделікті қамқорлығы үшін ризашылық сезімін білдірді.

Облыс әкімі Н. А. Ноғаев облыстың бір топ еңбек және соғыс ардагерлерімен, облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарының белсенділерімен емін еркін жағдайда жылы жүздесу өткізді.

Облыс әкімі ардагерлерді облыстың экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму барысымен, Елбасымыздың билік тармақтары арасында өкілеттерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуімен таныстырды. Осы бағыттағы өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Жылы шырайлы жағдайда өткен кездесуде соғыс ардагерлері А. Айбаров, О. Қарасаев, мемлекет және қоғам қайраткері Е. Тасқынбаев, еңбек ардагерлері А. Селбаев, М. Ғабдісәлімова, Қ. Әбисатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Ризуанов, Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Карин, ардагер-журналист Е. Көшеков және басқалар сөйлеп, ардагерлерге жасалып отырған қамқорлыққа шынайы ризашылықтарын білдірді, көкейлерінде жүрген  ойларын ортаға салды. Кездесуде облыстың белгілі өнер иелері өз өнерлерін көрсетті.

С. Мұхамбетов,

Атырау облыстық ардагерлер

кеңесі төрағасының орынбасары

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз