Олжас Сүлейменов  оңтүстік жастармен кездесті

Дүйсенбі, 13-Ақпан 2017 / 19:01
Айдары: Аймақтарда...
Олжас Сүлейменов  оңтүстік жастармен кездесті

Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында  Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов  облыс жастармен кездестi. Шарада ақынның атақты шығармаларынан үзінділер оқылып, қаламгер өмірі, шығармашылық жетістіктері туралы қойылған жастардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.Рухани шараға ұйытқы болған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай кездесулердің жастар үшін берері мол екенін тілге тиек етті.

 «Қазақта ұлы тұлғалар жеткiлiктi.  Солардың бірі және бірегейі – Олжас Сүлейменов ағамыз. Бар ғұмырын қазақ руханиятының дамуына сарқи жұмсап келе жатқан қаламгердің Оңтүстік Қазақстанға сапарын тиімді пайдаланып, жастармен кездесу ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндай кездесулер жастарға жаңа серпін, жақсы өнегелі тәрбие беретінін сөзсіз. Осындай шаралардың арқасында өңір жастарының мәдениеті қалыптасады.  Қай бағытта өсіп-жетілу керектігі туралы таным-түсінігі артады»-деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Емен-жарқын ашық ой алмасу кешінде қуатты қалам, шуақты ойдың иесі жастарды  бар күш-жігерін игі іске арнауға, қоғамдық мәселелерде белсенділік танытуға шақырды. Ұлттың ұмытылмас ұл-қызы болуға үндеді. Ел мәдениеті мен руханияты саласында атқарылып жатқан игі істерді тілге тиек етті.

97

«Оңтүстік менің өмірімде орны ерекше өлке. Мұндағы жұрт қазақтың қаймағын бұзбай, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін сақтап келеді. Мен Қазақстанның барлық аймақтарына іс-сапармен шығып, сол өңірлердегі зиялы қауым өкілдерімен, жас  буынмен кездесулер өткізіп жүрмін. Мұндай кездесулер қаламгер қауымға қашанда  шалқар шабыт, ерекше талпыныс, күш-қуат береді»– деді Олжас Сүлейменов. 

98

Ал жастар жағы сексеннің сеңгіріне шыққан  халқымыздың біртуар перзенті, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке зор денсаулық тілеп, арнауларын жеткізді.  Жиын соңында облыс әкімі қоғам қайраткеріне құрмет көрсетіп,  иығына қазақы шапан жапты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз