Отырған қыз орнын таба ма?

Дүйсенбі, 16-Қаңтар 2017 / 11:34
Айдары: Ошақ құты
Отырған қыз орнын таба ма?

Қазір “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген желеуді алға тартып, жігіттер отбасын құруға, ал қыздар тұрмысқа шығуға әсте асығар емес. “Отбасы. Махаббат. Байлық. Мансап”. Сіздіңше бұл ұғымдар бір-бірімен қаншалықты байланысты? “Менде бәрі бар, ақша, жұмыс, билік… Тұрмысқа шыққым келмейді”,- дейтін қазіргі қыздардың көп айтатын осы ойы нені меңзейді? Арулардың ойы неге өзгерді? Нәзіктікті ұқтыратын жігіттер қайда жүр? Есеппен үйленудің соңы не болмақ? деген сауалға жауап іздеп көрген едік.

Адамзаттың басты міндеті – отбасын құрып, ұрпақ өрбіту. Қазақ халқы қандай қиыншылық болса да ең бірінші баласын отау қылып, үйлендіруге асыққан. Асылын- да, адамның басты құндылығы да осы болса керек. “Қыз өссе – елдің көркі”, “Жақсы қыз – аспандағы жұлдыз” деп қызға ерек- ше көңіл бөлген, оған құрмет көрсеткен, аялап, үкілеп өсірген. Сонымен қатар, оның жатжұрттық екенін де еске салып, “Қызға қырық үйден тыйым” деп оның болашақ ана екенін, бір үйдің түтінін түтетін келін болатынын үнемі ескеріп отырған. Бүгінде қыздардың көпшілігі қиялдарында ертегі әлеміндегідей керемет жанұяның образын жасап алған. Отбасын құрып, дүниеге бала әкеліп, үйде отыруды емес, өзін-өзі жетілдіруді мақсат тұтады. Кемшілікке толы пенде екенімізді ескерместен, мінсіз жігітті іздейді.

Яғни, жігіттің көлігі, жоғары білімі, баспанасы болуы қажет деген көзқарастағы қыздар қаншама десеңізші… Мектепті бітірген қыз- жігіттер 4 жылын университет қабырғасында өткізеді. Себебі, бүгінгі таңда “Білімсіздің күні – қараң”. Бірнеше жылын оқуға арнаған жас университетті тәмамдаған соң 21-22 жастарыңда одан әрі жұмысқа орналасудың жолын іздейді. Жастар- дың жұмысқа орналасқаннан кейінгі арманы – көлік міну, пәтер алу, материалдық жағдайды жақсарту. Болашақ жарының миы мен қалтасындағы ақшасы өзіне сай келуі керек. Материалдық жағдайды түзеймін дегенше уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай да қалады. Қарапайым қыздар да бақуат жігітті құрығына түсіріп, балқып-шалқып өмір сүргісі келеді. Ал махаббат ше? Сонда адам бойындағы асыл қасиеттер: сезім, адамгершілік, сыйластық қайда қалады? Мүмкін, қазіргі қоғамдағы түсінік соған саятын болар. Бірақ, есептің де түр-түрі бар екенін естен шығармайық. Айтпақшы, бұл мәселе тек бойжеткендерге ғана қатысты десек қателесеміз. Жігіттер жағы да қазір есепке жүйрік. Қалталы қызға үйленіп, дайын үйге кіріп алғанды құп көреді.

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, осындай мақсатты көздегендерді жиі ұшыратамыз. Ал, сезім болмаған жерде бақытты отбасын құру мүмкін бе? Мәселенің екінші себебіне келсек, батыстық стандарт пен батыстық мәдениеттің әсер етуінен отбасын құру жоспар- лары біршама өзгерген. Қызмет құрығына түсіп, “Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді” деп пәлсапа соғып, жұмысқа деген адалдығы мен белсенділігінің арқасында зейнет жасына дейін тұрмыс құрмай өтетіндері де кездеседі. Еліміздің кей аймақтарында ағасы үйленбей, інісін үйлендірмеуі, сол сияқты әпкесі тұрмыс құрмаған болса, сіңлілерін ұзатпайтын түсінік те қалыптасқан. Кейбір ата-аналар балаларына “Сені оқыттық, енді алған біліміңмен жұмыс жасауың керек, тұрмысқа шықсаң, жұмыс жайына қалады” деп қыздардың жолын байлайтыны тағы бар.

Осының бәрі түптеп келгенде қыз балалардың отбасын құруға құлықсыздық танытуына себепкер болуы да әбден мүмкін. Осылайша, “Қыз мұра- ты – оқу, одан кейін табысқа жету, кейін өз теңіне тұрмысқа шығу” деген қағидаға өзгергереді. Бойжеткендер де өз баспанасының, көлігінің болғанын құп көреді де, баспаналы болуға талпыныс жасайды. Бұған қарап қыздардың жігіттерге тәуелді болмауға ұмтылатынын, азаматтарға сеніммен қарамайтындығын байқауға болатын тәрізді. Жуырда, “Нұр.кз” сайты қыздардан сауалнама жинаған екен, нәтижесінде қыздардың 97%-ы жігіттің материалдық жағдайына басты назар аударатынын ашық айтқан. Танысымның жан-дүниесiн жарып шыққан ой-сезiмдерiне қарап, өмiрде шынайы бақыт тек байлықпен өлшенбейтiнiне онымен тілдескенде тағы бiр рет куә болдым. Әлгі таныс қыз оқу оқып, одан мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, соңынан ерген бауырларына көмектесті. Әйтеуір, күйбең тірлік біте ме, сол өмірдің ағынымен жүре беріп, уақыттың қалай өте шыққанын білмегенін айтты. Бүгінде онда көлік те бар, үй де бар, жақсы жалақы төлейтін жұмыс та бар. Бірақ, ауырғанда жанынан табылып, шаршағанда басын сүйер жанашыр өмірлік серігі жоқ. Жұмыстан келген соң төрт қабырғаға телміріп отырудан әбден мезі болған. Сөз соңында айтарым, бір-бірін шын сүйіп қосылған жандар қашанда барға да, жоққа да қанағат ете біледі. Ал, шынайы сезімсіз құрылған шаңырақта ұрыс-керіс пен түсініспеушілік жиі орын алады. Бүгінде бәрі бар, бірақ махаббат жоқ. Қаракөздеріміз уақытша байлыққа қызығып, соңында бармақ тістеп қалмаса екен дейміз.

Ақмарал ОМАШ

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз