ОҚО-да 57 оқушы Республикалық олимпиадаға жолдама алды

Сәрсенбі, 11-Қаңтар 2017 / 16:41
ОҚО-да 57 оқушы Республикалық олимпиадаға жолдама алды

Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтар күндері Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық үшінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Олимпиадаға жалпы саны 990 оқушы қатысты. Оның 584-і математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен өзара бақ сынасты. Олардың 265-і олимпиаданың ІІ-турына жіберіліп, 54 жүлделі орынға таласты.  Ал, І, ІІ және ІІІ орындар үшін әр пәннен сыныптар бойынша бір-бір жүлде тағайындалған.

????????????????????????????????????

Олимпиаданың гуманитарлық бағытына 406 оқушы қатысты. Мұнда оқушылар 10 пәннен (қазақ тілі және әдебиеті, ұлт мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті, ұлт мектептеріндегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзбек, ағылшын, неміс, француз тілдері) білімдерін дәлелдеуге ұмтылды.  Нәтижесінде ІІ-турға 205 оқушы жолдама алды.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 57 білімгер  жүлдегер атанды. Олардың 19-ы үздік, 20-сы ІІ-орынға лайық деп танылса, 18-і  ІІІ-орынды қанағат тұтты. 18 оқушы номинация иегерлері атанды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Өмір сабақтары

Facebook парақшамыз