Оңтүстіктің 5 спортшысы Универсиадаға дайын

Жұма, 27-Қаңтар 2017 / 21:04
Айдары: Спорт
Оңтүстіктің 5 спортшысы Универсиадаға дайын

Оңтүстік Қазақстан облысының 5 спортшысы Алматы қаласында өтетінXXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға және оңтүстікқазақстандықтар алау эстафетасын өткізу шарасына сақадай сай. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған жарысқа облыстан фристайл спорт түрі бойынша бес спортшы қатысады.  Олар, Алдабергенова Жанбота мен Арапбаева Жібек, Қалмұрзаева Ақмаржан, Іңкәрбек Бағлан, Мұхамеджанов Дархан. Бүгінде олар спорттық додада нәтижелі өнер көрсету үшін жоғарғы деңгейде тиісті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

«Бізге бірегей мүмкіндіктің куәгері болу ғана емес, ең ауқымды халықаралық спорт оқиғаларының бірі – 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының белсенді қатысушылары болу бақыты берілді. Алау Эстафетасы – бұл Универсиаданың жаршысы және оны алға жылжытудың негізгі құралы, ірі спорттық форумдардың ажырамас атрибуты. Олимпиадалық, Азиялық және Студенттік ойындарында басты оттықты тұтату дәстүрлі рәсім»,-деді Ұ.Сәдібеков.

Оңтүстік Қазақстан облысында алау эстафетасын ұйымдастыру бойынша арнайы өңірлік штаб құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Өңірлік штабтың шешіміне орай, алаугерлер құрамы негізінен облыста тіркелген 12 жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқу орындарының үздіктері болып табылады. Сондай-ақ, алаугерлер қатарында Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиаданың серіктестері «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының, «Технодом» сауда үйінің, «ВИРАЖ» автосалонының өкілдері қатысатын болады.

4a11eb96-a1c7-4a3b-8458-924201bcd545

Баспасөз мәслихатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай алау этафетасын алып жүру шарасына байланысты үндеу жариялады.

Онда ол, Шымкент қаласында «Алау эстафетасы» өту кезеңдерінде өңірлік ұйымдастыру және өткізу бойынша штабының бекіткен жүру бағытына сәйкес, сол күні бірқатар көшелер уақытша жабылатынын атап өтті. Мәселен, сағат 10.00-17.00 аралығында Шымкент қаласындағы Наурыз алаңынан бастап Б.Момышұлы, А.Байтұрсынов, Тауке хан көшелері  мен Д.Қонаев даңғылы жабылмақ.

Сонымен қатар, брифингте сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев спорттық бәсекеде өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығына тоқталды.

Спикердің мәлімдеуінше, фристайлшылар Америка Құрама Штаттарында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жоғарғы деңгейде дайындалып қайтты.  30 қаңтар күні жарысқа түсетін спортшыларымызды қолдау мақсатында өңірімізден 200-ге жуық азамат Алматы қаласына барады деп жоспарлануда.

 Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 50 елден 5000-нан астам студент қатысады деп күтілуде. Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шара болып табылады. Универсиада аясында Қазақстан спорттың 13 түрінен қатысуы жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз