Патшасыз ел, ұстасыз ине бола ма?

Жұма, 17-Ақпан 2017 / 12:00
Айдары: Діл
Патшасыз ел, ұстасыз ине бола ма?

Сіз білесіз бе, Жер әлемі ұшы-қиырсыз алып кеңістіктегі сансыз көп ғарыштық денелердің бірі ғана. Ғарыш кеңістігінде шамамен 300 миллиардтай галактика бар. Бұлардың әрқайсысысында 300 миллиардтай жұлдыз тағы бар. Олар бір-біріне қақтығысып-соқтығыспай теңдессіз жүйемен белгілі бір бағытта дөңгеленіп әрекет етуде. Әрқайсысы миллиондаған тонна құрайтын бұл денелердің жылдамдығына ақыл жеткізу мүмкін емес. Мәселен, Жер шары сағатына 1670 шақырым жылдамдықпен өзін-өзі және сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен күнді айналуда. Әр галактиканың және оның құрамындағы жұлдыздардың арақашықтығы да ақыл жетпестей ұзақ. Міне, осындай ұлы жүйе миллиардтаған  жылдар бойы зәредей ақаусыз әрекет етуде.

Енді осының бәрін жаратып, басқарып, игеріп тұрған Ұлы Жаратушының бар болмауы мүмкін бе? Тонналаған жұлдыздар былай тұрсын, бір уыс қиыршық тасты аспанға лақтыра салсақ, олар өзінен-өзі дәл осындай жүйемен орналаса қалады дегенге ешкім сенбейді. Аулада жатқан доптың өзі біреу тимесе, өзінен-өзі қимылдап кетті дегенге кім иланады?. Олай болса, осыншалықты алып жүйенің Басқарушы иесі міндетті түрде бар. Ол – Құдіреті шексіз Алла тағала.

Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа қа­ра­ға­ны­мыз­да он­да­ғы әр нәр­се­нің орын-ор­нын­да тұрғанын, арнайы өзін­дік мән-ма­ғы­на­мен бе­зен­ді­ріліп, әрқайсысына бел­гі­лі бір міндет жүк­тел­ге­нін кө­ре­міз. Әр нәр­се­ден сұ­лу­лық, ке­мел­дік, жүйелі­лік бай­қай­мыз. Жал­пы жа­ра­ты­лыс са­ғат сияқ­ты ке­ре­мет есеп­пен, нә­зік жүйе­мен жұмыс іс­теп тұр. Тіп­ті са­ға­ты­мыз­дың өзін осынау  жа­ра­ты­лыс­та­ғы жүйеге қа­рай есеп­тей­міз. Ен­де­ше, өзін­дік ма­ғы­на-мін­де­ті бар кіп-кішкен­тай ине­нің де өз ұс­та­сы бо­ла­ты­ны секіл­ді, жа­ра­ты­лыс­та­ғы сұ­лу­лық­тың, ке­мел­дік­тің, жүйе­нің, мән-ма­ғы­на­ның да бір жа­ра­ту­шы­сы, қоюшы­сы бо­лу­ға тиіс.

Кей­бі­реулер айт­атын­дай, бұл әлем өз-өзі­нен, кездей­соқ пай­да бол­ған жоқ. Не­ге дей­сіз бе? Өйтке­ні кез­дей­соқ­тық мы­на өте ке­ре­мет жүйе­мен, нә­зік те ғаламат есеп­пен іс­теп тұр­ған ұшы-қиыры жоқ шек­сіз әлем­ді, жара­ты­лы­сын­да еш мі­ні жоқ түр­лі-түс­ті, сан алуан жан-жа­ну­ар­ды, көз­дің жауын ала­тын сан­сыз өсімдік әле­мін жә­не мың бір сыр­лы, ға­жай­ып жал­пы жара­ты­лыс­ты жасай­тын­дай күш пен құдіреттен мақұрым.

ҚҰРАН АЯТЫ:

Же­ті қа­бат аспан­ды бір-бі­рі­не үй­ле­сім­ді етіп жа­рат­қан – Ол Алла. Рах­ман­ның жа­ра­ту­ын­да еш­бір ақау, жүйе­сіз­дік кө­ре ал­май­сың. Сал кө­зің­ді, кө­ре ала­сың ба бір ақау? Сосын кө­зің­ді қай­та-қай­та бұ­рып қа­ра! Кө­зің еш­бір ақау та­ба ал­ма­ған­дық­тан шар­шап, тал­ған күйде са­ған қай­та ора­ла­ды

«Мүлк» сүресі, 1-4 аяттар

Иә, Алла, көп мінәжат етем Саған,
Рахметіңді үміт етіп мен аңсағам,
Дәріптеуге Өзіңді тіл жетер ме,
Тіл өнерін төгейін, жар бол маған.
…Бірлігіңді білуге ұмтылғандар,
Жалғыз заттан мың түрлі дәлел табар….. 

Ахмет Иүгінеки

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз