Сөзі табан астында туған ән

Сәрсенбі, 04-Қаңтар 2017 / 10:43
Сөзі табан астында туған ән

Негізгі мамандығы актер болса да, ел оны алдымен айтыс сах­насынан көріп, ақын ретінде таныды. Ағалармен айтысса інілігін, інілермен айтысса ірілі­гін көрсететін, әпкелерін әдемі әзілімен әспеттеп отырса да әдептілігін сақтайтын сары ауыз балапанның сахнадағы алғашқы қадамы сәтті басталды. Жүрсін Ерманның өзі көптен жасырып жүрген «көжегіміз» деп алқалы жұрттың алдына шығарып, топқа қосып, томағасын сыпырды. Жа­ғым­ды ­дауысы, жалынды сөзі­мен жарасым тапқан жас ақын көп­тің көңілінен шығып, көрер­мен­нің көзайымына айналды. Ол кім­ дейсіз ғой? Ол – Төреғали Төреәлі.

32304172

Айтыстың ауылынан қанат қағып, эстра­даның төрінен төбе көрсетіп жүрген Төре­ғалидің атағы аспандамаса, аласарған жоқ. Себебі, көмейінен төгілген әрбір ән кө­рер­меннің көкейіне барып құйылып жатыр.

Төреғалидің өзі айтпақшы, «Ән болсын, басқа болсын жарқ етіп шыққан кез келген жақсы дүниенің артында жаны қазақ, қаны қазақ азаматтар жүреді. Көрермен, тыңдарман сенің өнеріңе қол соғып қоше­меттеп отырса да, олар сахнаның сыртында қандай еңбектің атқарылып жатқанын, қаншама маңдай тердің төгілгенін сезіне бермейді. Сол сяқты, менің де өнер жолымда өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар бар. Қайнар Алагөзов, Аян Сейітов секілді ақын достарыммен Құрал Молжанов сынды сөзімізге ән жазатын талантты бауырларымның еңбегі ерекше».

Иә, «Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас» дегендей, айналаңды таспен емес, доспен қалағанға не жетсін. Бұл ретте Төреғалидің бағы басым деуге болады.

«Еріндері кеседен

Басқа жерге тимеген.

Қадірімді білетін

Қазақ қызға үйленем», деп келетін әннің де сөзін Қайнар жазғанын біреу білсе, біреу білмес. Сазы мен сөзінен сатиралық сарын­ның самалы есетін бұл туындыны өткен жылдың олжасы деуге болады. Тілге жеңіл, жүрекке жылы ұшырасатын әнді бір тың­дағаннан-ақ жаттап аласыз. Сөз құры­лымының оңайлығы соншалық, екінші есті­генде еріксіз санаңызда сайрап тұрады. Тір­кестері тіліңіздің ұшына өзінен-өзі оралады.

«Алло» деген әннің сөзін жазса да, телефонын «Алло» деп әрең көтерген Қайнарды «Іздеме» десе де, іздеп тауып алдық. Сөйтсек, ол «қазақ қызға үйленіп те» үлгеріпті. Оны іздеудегі мақсатымыз – «Қазақ қызға үй­ле­нем» әнінің шығу тарихын, жазылу ­идеясын оқырманмен бөлісу еді. «Бол жа­нымда» деген ақынның жанында бола алмасақ та, ұялы телефон арқылы сымсыз бай­ланыс орнатып, әннің қалай шыққанын білдік.

«Бұл ән бүгінгі таңдағы қазақ қыздары­ның шетелдік жігіттерге тұрмысқа шы­ғып жатқанына және қазақ cfjiciptn0cжігіттерінің шетелдің аруларын жар қылып жатқанына іштей қарсылық білдіріп, өмірге келген дүние еді. Ел-халықтың арасында таралып, кішкентай бөбектеріміз жатқа айтып жүргенін көргенде, кішкене болса да арманымыз орындалғандай қуанып қаламыз. Бүлдіршіндердің барлығы «қазақ қызға үйленем» деп айтып жүреді. Сол арқылы олардың миларына ақпарат жетеді. Сөйтіп, олар өскенде қазақ қызына үйленеді деген сеніміміз бар. Негізінен әннің мәтіні дас­тарқан басында дүниеге келді. Бір отырыс­та бірнеше ұлттың қыздары болды, сол жиында мен әрқайсысына суырып салып өлең құрадым. Төреғали оны диктафонға басып алған екен. Ән қылып шығару идея­сы содан туындады. Өзім айтыскер ақын болғандықтан осындай сәтті шумақтар ­суырып салып, аяқ астынан айтқанда келеді», дейді автор.

Д.Дәулетовтің «Еһ, жаным, Күлайна» әнінің мақамына салынып айтылған, астарында шындығы да бар әзіл ән жыл бойы жүректерге қуаныш сыйлағаны жасырын емес. Өнерпаз өрендерден келер жылы да өміршең туындылар күтеміз.

Рауан ҚАЙДАР

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз