Танымал суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

Жұма, 30-Желтоқсан 2016 / 14:59
Танымал суретші Керімбай Қыстаубайдың көрмесі өтті

 Шымкентте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшіКерімбай   Қыстаубайдың «Таулардың тағдыры» атты  жеке шығармашылық  көрмесі  ұйымдастырылды.

Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, қылқалам шеберінің көрмесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып,  жиналғандарға ризашылығын білдірді.

«Бұл туындылар ертеңіміз үшін ұмытылмас тарих. Қылқаламмен тарихымызды бейнелеп, бедерлеуде Қыстаубай Керімбайдың өнеріне тәнті болмасқа шара жоқ. Шығармашылығыңызға шалқар шабыт тілеймін. Бекзат өнердің бекзадасына айналыңыз»,- деді облыс басшысы.

223232b8-42d1-4c84-b310-5f0a66fa9115

Шараның мақсаты – жастардың салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызға деген сүйіспеншілігін артырып,  көркем шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Суретші шығармаларындағы сырлы бояулар өте нәзік те жұмсақ реңкпен үйлесімін тапқан. Автордың мінезіне тән жұмсақтық картинадағы бейнелерден де анық байқалады. Әсіресе, оның еліміздің  сұлу табиғаттары тақырыбындағы «Хан Тәңірі», «Алатау асулары», «Ақ қарлы Алатау», «Ауылым», «Күз сонатасы», «Балалық шаққа саяхат», «Тау шыңы», «Кемпірқосақ», «Аңызға саяхат» сынды туындылары айқындылығымен, композициялық ойларының тереңдігімен ерекшеленеді.  

5919f769-905a-4534-89c9-ffe58b673677

Айта кетейік,  Керімбай Ысаұлы бүгінде  О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.  Ол  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

                                                                                                                                            ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Өмір сабақтары

Facebook парақшамыз