Тұғырың биік болсын, бақ мекен!

Жексенбі, 08-Қаңтар 2017 / 11:26
Тұғырың биік болсын, бақ мекен!

2007 жылдың жазында Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен 6,3 га аумақты алып жатқан Алматы қаласының Шаңырақ ықшам ауданында «Дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат» ашылды. 2012 жылы Алматы қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі мәртебесін алды. Бастапқы жылы 236 жас спортшы қабылданды.


Мектеп-интернат басшысының спорттық өмірінен қысқаша мәлімет: 2013 жылдан бастап мектеп-интернатты белгілі спорт маманы Төлеков Қанат Сыздықұлы басқарып келеді. Жастық шағынан спортты сүйіп, осы bossсаланың ыстықсуығына төзіп жүрген басшының өзі де бала кезінен спорттық өмірін Қызылордадағы футбол клубынан бастапты. Кейіннен футбол мамандарының көзіне түсіп, талантты жасты Алматының СКИФ командасында ойнауға шақырған. Сол кездегі Алматыдағы физкультура институтында оқи жүріп, әйгілі «Қайрат» командасының қосалқы құрамында өнер көрсетеді. Кейіннен жарақат алуына байланысты бір жылдай емделген соң, СКИФ-ке қайта шақыртқан. 1985 жылы Қазақстан құрамасында ойнағанымен, ота жасалғаннан кейінгі ескі жарақат сыр беріп, ары қарай құрамада ойнау мүмкін болмайды. Одан кейін Қызылорданың «Қайсар» командасының президенті болған 1998, 1999, 2001 жылдары ұжым Қазақстан Республикасының Кубогын иеленген екен. Кейінгі жылдары қызметін Алматыда жалғастырған тәжірибелі маманды басшылар Астанаға жібереді. Ол жақта да Қанат Сыздықұлы бірнеше жыл адал қызмет атқарған. Енді міне, 2013 жылдан бастап, Қазақ еліне тамаша жеңістер сыйлап жүрген спортшыларды тәрбиелейтін ұйымшыл ұжымның басшысы болып отыр. 


Бүгінде мектеп-интернат-колледжінде 383 оқушы 7-11 сынып аралығында білім алады. 16 сынып бөлмелері толықтай талапқа сай жабдықталған және оның 11-і қазақ сыныбына арналса, 5 сынып орыс тілінде дәріс беруге арналған. Мекемеде 30 мұғалім жұмыс атқарады:

Қазақстан Республикасының білім үздігі — 1, жоғарғы санатты мұғалім — 16, 2 санатты — 8 . Мекемеде медициналық қызмет көрсететін 14 бөлмеден құралған орталық қызмет жұмыс істейді. Мекемемізде орналасқан жатақхана 370 балаға арналып салынған. 92 тұрғын және 4 тұрақты бөлмелерден құралған. Бөлме толығымен жиһаздармен жабдықталған: 2 қатарлы төсек, жазу үстелі, киім салатын арнайы шкаф, төсек қасындағы тумбалармен, кітап сөрелері, әр бөлмеде жеке жуынатын душтар және дәретхана мен жуыну раквиналарымен қамтылған. Жатақханада оқушылар спорт бөлімі бойынша орналастырылған. Олардың бос уақытында демалатын арнайы демалу бөлмелері де жабдықталған.

image003Сонымен қатар, оқу залы және арнайы компьютермен жабдықталған үлкен зал қарастырылған. 1 және 2 қабаттарда оқушыларға арнайы кереге теледидарлары мен отыратын арнайы орындықтар орнатылған. Барлық қабаттарда видео бақылаулар орнатылған. Күнделікті қолданыстарына арналған кір жуу машиналары мен кір кептіру орындары да толығымен жабдықталған. Жас спортшылармен 17 білікті, жоғары білімді тәрбие жетекшілері жұмыс жасайды. «Олимпиадалық резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі 240 орындық екі залды асханамен жабдықталған болашақ чемпиондарды ұтымды және жоғары калориялы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Студенттердің бес уақыт тамақтануы аспазшыкәсіпқойлар тәжірибелі командасы жүзеге асырады. Халықаралық стандартқа сәйкес салынған бассейн. 2.20 метр тереңдігі. Бассейн республикалық маңызды спорттық іс-шараларға, сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарға арналған. Бассейн 8 жолақтан тұрады. Оңалту және сауықтыру бөлмесі, сауна, ерлерге және әйелдерге арналған душ ұяшықтар, шаш кептіру үшін арнайы бөлмелер, тұрмыстық, кір жуатын бөлме, кептіру бөлмесі бар. Сондай-ақ, жаттықтырушылар бөлмесі, кең зал бар. Оқу-жаттығу процестері тәжірибелі және жоғары білікті жаттықтырушылардың жетекшілік етуімен өтеді. Спорт кешенінің жалпы ауданы — 5545,0 ш.м. Спорт кешені грек-рим және еркін күрес матрастарымен жабдықталған. Мектеп оқушыларымен жоғары білікті, өз істеріне аса жауапкершілікпен қарайтын 60-тан аса ұстаз-жаттықтырушылар айналысады. Қазіргі уақытта балаларға жоғары білімді оқытушылар дәріс береді. Педагогика ғылымының кандидаты — 1, химия ғылымының кандидаты — 1, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері — 1. Білім алушы студенттер саны — 60 бала. Соның ішінде 4-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 26-сы спорт шебері, 30-ы спорт шеберіне үміткер. Мекемемізге деген және мектептің жұмысына деген жоғары бағалау 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге келуі болды.

img-20161227-wa0018

2014 жылдан бастап Қанат Сыздықұлының басшылығымен жаттықтырушылар ұжымы бокстан Әлем чемпиондарын даярлап шығарды: Әлімханұлы Жәнібек және Қызайбай Назым. 2014 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Шаңырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РРМ «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша марапатталды. Қазіргі таңда ОРРММИК РММ-де 440 оқушы 14 спорт түрі бойынша тәрбиеленіп жатыр.

СПОРТТАҒЫ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕР:

Алматы қаласы, Шаңырақ ы/а «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастағалы бері төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізе бастады: Әлем чемпионы — 3, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы — 3, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері — 4, спорт шеберлері — 7, спорт шеберлігіне үміткерлер — 27.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шеберлері:

Айнағұлов Мейрамбек Мырзағалиұлы

gr-50kg-aze-kaz-1-1

2011 жылғы тамызда Венгрияның Сомбатхее қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Әлем Чемпионаты өтті. Айнағұлов Мейрамбек Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы еді. Осы айқаста Олимпиада чемпионы Мұрат Базаровты жеңіп, Әлем Чемпионы атағын алды. Тайландта өткен айқас Мейрамбек үшін әлем чемпионы атағын алу мүмкіндігіне жол ашты.

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ

%d0%b6%d3%99%d0%bd%d1%96%d0%b1%d0%b5%d0%ba

Азия чемпионы (2013), әлем Чемпионы (2013), халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, «GeeBee» (2014), халықаралық турнирдің жеңімпазы Константин Коротковты еске алу жеңімпазы (2014) , IV Халықаралық турнирдің жеңімпазы, «Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының» иегері (2014), Азия Ойындарының жеңімпазы (2014). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері үшін күресте алтын алқа иегері Жәнібек Әлімханұлы (75 кг.) ирландық Джейсон Куиглиди жеңді. Жәнібек бұл жекпе-жекті белсенді бастады, ирландықты ойынның екінші минутында нокдаунға жіберді. Екінші раундта ирландиялық аяқтан тұра алмайтынына қарамастан қайта жекпе-жекке шақырды. Үшінші раундта Ж.Әлімханұлы өз қарсыласына өте ауыр соққы бергеннен кейін ирландиялық төтеп бере алмады. Тағы бір әдемі жеңіс — біздің боксшымызға Президент пен залдың толық қолдауының арқасында төртінші алтын медаль қоржынымызға түсті.

ҚЫЗАЙБАЙ НАЗЫМ — Қазақстандағы тұңғыш әйелдер боксынан алтын иеленген боксшы 

%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d1%8b%d0%bc

Еліміздің әйелдер құрамасы бокстан әлем біріншілігіне Чеджу қаласына ең жоғарғы көрсеткішсіз барғанымен, үйге жаңа көшбасшыларымен оралды. Марина Вольнова мансабын аяқтайды деген хабар барлық құрама мүшелеріне ауыр тиген болатын. Бірақ құраманың көшбасшысының кім болатыны Әлем Чемпионатынан кейін айқын болды. Назым Қызайбай медальдан үміткерлердің бірі болып саналды және 48 кг дейінгі салмақта әлемде оған тең ешкім жоқ екенін турнирдің кезінде дәлелдеді. Жартылай финалда жапондық Мадоку Вадуды сенімді түрде жеңді, ал финалда индиялық Сарджубалой Шамджетсабаны жеңді. Осылайша, Қызайбай ӘЧ — 2012-нің қоласына Алтын — 2014-ті қосты, алғаш рет әлемге бокстан қазақстандық чемпионның кім екенін көрсетті!

img-20161227-wa0022

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, осыған орай, болашақтарынан үміт күткен әрбір баланың жақсы азамат болуына және өзге елде өз елінің туын желбіретер азамат болуына біз бен сіз, ұлағатты ұстаз бен шәкіртіне қанат бітірер бапкер-оқытушы өз үлесін қосудан жалықпау керек. Баланы тәрбиелеу үлкен шыдамдылық пен еңбекқорлықты талап етеді. Сол себепті осы еңбек жолында жүрген әрбір ұжымның мүшелеріне еңбектеріне жеміс тілей отырып, тәрбиелеп жатқан тәуелсіз еліміздің туын биікке самғатар жас буындарымыз үміттерін ақтағай! Қиядағыны қия шалар үздік оқу орындарының бірі және тұғырың биік болсын, бақ мекен!

Ардақ Сеитқызы,

Алматы қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы

«Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектепинтернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің

педагог-ұйымдастырушысы

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз