Тәжікстан Қытайға 5000 гектар жерін жалға берді

Бейсенбі, 26-Қаңтар 2017 / 11:13
Тәжікстан Қытайға 5000 гектар жерін жалға берді

20 қаңтар күні Қытайдың «guancha.cn» сайты «Франс пресс агенттігіне» сілтеме жасай отырып, Тəжікстанның қытайлық компанияға 5000 гектар егіс атызын жалға бергендігі туралы хабар таратты. Жалға беру мерзімі 10-20 жыл аралығы. Ақпарат көздерінің мəліметінше, бұл хабарды 18 қаңтарда Тəжікстан Үкіметінің бір жауапты адамы таратқан көрінеді.

Қытайлық БАҚ мəліметіне сүйенсек, 2006 жылдан бері Қытай компаниялары таулы тəжік еліне 600 шақырымнан астам жол салып, 16 шақырымдық тунел қазып беріпті. «Тəжікстан тəуелсіздік алғаннан бері қарай жасалған немесе «жамап-жасқалған» жолдардың 70 пайызы қытайлардың қолымен іске асырылған» екен. 2014 жылдан бері Қытайдың «Жұң тай» корпорациясы бұл елдің ауыл шаруашылығы саласына жаңа жобалар əзірлеп, тоқымашылық саласына едəуір қаржы құйыпты. Қазір Тəжікстанда қытайлықтар салып берген мақта өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, 2016 жылы Тəжік-Қытай мемлекетаралық келісімдері бойынша, Қытай жағы Ауғанстанмен арадағы 4 шекаралық бақылау бекетіне құрылыс нысандары мен бір əскери оқу-жаттығу орталығын салып берген. Соңғы жылдары Тəжікстан, ауыл шаруашылығы саласына шетелден көптеп инвестиция тартуды қолға алып жатыр. Бұл мақсатта Иран, Түркия, Үндістан сияқты елдермен де ауыл шаруашылығы саласы бойынша түрлі келісімдер жасаған. Əрі осы елдің фермерлері үшін 4000 гектар егіс алқабын да жалға беріп үлгерген. 2016 жылдың алғашқы үш тоқсанында Тəжікстанға шетелден 695 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылыпты. Осының 60 пайызы қытайлықтардың үлесіне тиесілі екен.

Ерқазы Сейтқали

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

1 Comments on “Тәжікстан Қытайға 5000 гектар жерін жалға берді

  • Тәжіктің енесі ұрылды. Қытай жалға алды дегенше-мәңгіге алды дей бер. Қара шегірткедей қытаймен атысуға да-жатысуға да тәжіктің шамасы енді жетпейді. Құрудың алды осы болар. Қазақ шамаң жетсе еліңе қытай кіргізбе!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Баланы бақытты етудің 5 жолы

Facebook парақшамыз