Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)  

Жұма, 27-Қаңтар 2017 / 18:14
Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)  

Моңғолия туралы қысқаша мәлімет

Моңғол елі Азияның шығыс бөлігіне орналасқан тәуелсіз мемлекет. Жерінің көлемінің артқы бөлігі Ресеймен, алдыңғы бөлігі ҚХР-мен шекараласып жатыр. Елінің Астанасы – Улан-Батор қаласы. 2015 жылы Монголияның халық саны 3 миллионға жетіп, әлем халықтары санағы бойынша 135-орынға тұрақтаған. Жалпы моңғол ұлты халқының 95 пайызын құрайды. Мемлекеттік құжаттары монгол тілінде жүргізіледі. 1924 жылы жеке мемлекет құрған Моңғол елі 1961 жылдан БҰҰ -на мүше болып қабылданған. 20-шы ғасырда Кеңес одағымен саяси экономикалық жақсы қарым қатынаста болып, өзінің экономикалық қуатын жақсартып алған ел. 1990-жылдан нарықтық экономикаға бет бұрған. Бүгінде парламенттік басқару жүйесі қалыптасқан ел деуге болады. Жер көлемі ел Астанасынан бөлек 21 аймаққа бөлінеді. Өркендеп келе жатқан ел ретінде, жалпы ішкі өнімнің мөлшері 26.8 миллиард долларды құрап, бұл көрсеткішімен әлемде 111- орынға ие. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы мықты дамыған көшпенді халық. Әлемнің 184 елімен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды.

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d0%b5%d1%82

3 миллион халықта 61 миллион 500 мың бас мал бар

Статикалық мәліметтер бойынша, Моңғолияның мал басы өткен 2016-жылы  61 миллион 500 мыңға жеткен. 2015- жылы 56 миллион 200 мың басты мал саналғандығын ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы жылмен салыстырғанда мал басының 9,9 пайызға өскендігін көрсетеді. 2016- жылы жылқы алдыңғы жылмен салыстырғанда 330 мың басқа, ірі қара 290 мың басқа, түйе 30 мың басқа, қой 2 миллион 910 мың басқа, ешкі 1 миллион 970 мың басқа көбейген. Яғни 2016 – жылы жылқы – 3 миллион 634 мың 900 басқа, ірі қара – 4 миллион 80 мың 300 басқа, түйе – 4 миллион 100 мың 300 басқа, қой – 27 миллион 853 мың 400 басқа, ешкі – 25 миллион 572 мың 200 басқа жеткен. Моңғолияда 216,700  отбасы мал шаруашылығымен айналсады. Олардың 14,200 отбасы 10- нан жоғары, 19,900 отбасы 11-30 бас малды, 15500 отбас 31-50 басты малды, 29,300 отбасы 51-100 бас малды, 46,200 отбасы 101-200 бас мал ұстайды. Сондай-ақ, 1000-1500 малды 7000 отбасы, 1500-2000 малы бар 1000-нан астам отбасы, 2001- ден артық малы бар 500 -дей отбасы бар екендігі санақ бойынша анықталған екен. Моңғолия бүгінде Ресей, Қытай, Корея елдеріне ет өнімдерін экспорттайды.  Моңғолияда тек Ресейге ет экспорттайтын 10 компания жұмыс жасайды. Жылына 5 миллион басты мал экспорттауға мүмкіндігі бар Моңғол елі, жылына өзінің ішкі тұтынысына 200 мың тонна ет пайдаланады. 

Малының ерекшелігі мен өнімі жайлы талдап көрсек…

%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96%d1%81%d1%96

Моңғолияда – миллион 634 мың 900 бас жылқы бар

Моңғолдың малы құблмалы ауа райына бейімделген, әрі суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Сондығынан бүкіл бес түлік малы жылдың төрт мезгілінде жайылымда болады.  Жылқысының орташа салмағы 360-380 кг, бордақылап жемдегендері 400 -ден астам кг, етінің тығыздығы 52-56 пайыз, хувь,  сапалылығы 2886-3000 ккал болады. Жылқыдан күніне 7.5 литр, жылына 1.0-1.2 миллион тн қымыз дайындайды.  Жылына 2.7 мың тн жылқы етін экспорттайды.

%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d2%9b%d1%8b

Моңғолияның сиыры – 4 миллион 80 мың 300 басқа жеткен

Моңғол тұқымды сиырының сауылу мерзімі 180 күн, сиыр сүтінің майлылығы 4.36 пайыз, жылына әр сиырдан орташа есеппен 750-800 литр сүт алынады. Жылына 66.9-113.6  мың тн сиыр етін өндіріп, оның 12.9-14.0 мың тоннасын экспорттайды.

      %d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%80    %d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%802

Моңғолияның қойы – 27 миллион 853 мың 400 басқа жетті

Моңғол қойының еті орташа  23.51кг, жаз мезгілінде 30-45 күн сауылып, әр қойдан 29.7 кг сvт алынады. Сүтінің майлылығы 6.35 пайызды құрайды.

%d2%9b%d0%be%d0%b9

Моңғолияда 25 миллион 572 мың 200 ешкі бар

Моңғол ешкісі жайылыммен еміруде жақсы көрсеткішке ие. Күзде серкелері 55-58 кг болса, ешкілерінің салмағы 37-41 келіге дейін тартады. Ешкілері 7 ай сауылып, әр ешкіден 50-60 литр сүт алынады. Сүтінің майлылығы 3.87 пайызды құрайды.

%d0%b5%d1%88%d0%ba%d1%96

Моңғолияның түйесі – 4 миллион 100 мың 300 басқа жетті

Моңғол түйесінің жүні, еті, сүті терісі әрдайым бағалы және көшпенді халық үшін таптырмайтын көлік құралы болып табылады. Моңғолияның жер көлемінің 41.7 пайызын иеленетін шөлейт аймағында Моңғолиядағы барлық түйенің 70 пайызы өсіріледі. Жалпы, Моңғолияның ауа райы қатал, құбылмалы ауа %d1%82%d2%af%d0%b9%d0%b5райлы өлкеге жатады. Қыс айларында ауаның орташа темпратурасы – 35-40 градусс, кейбір жылдары -44-50 градусқа дейін суық болады. Ал, жаз айларында шөлейт аймақтарында -40-45 градусқа дейін ыстық болса, басқа өлкелерінде -25-30 градусс, бик таулы өлкелерінде 15-20 градус ыстық болады. Міне, біз бүгінгі мақаламызда Моңғолия жайлы қысқаша дерекпен, оның мал шаруашылық саласы жайлы білгенімізше талдап әңгімеледік. Егер Моңғолия жайлы әр түрлі деректерден білуге ықыластарыңыз болып жатса, біз әңгімемізді ары қарай жалғастыруға дайынбыз!

…Енді Моңғолияның тамаша табиғатынан бірер көрністерді назарларыңызға ұсына отырып әңгімемізді аяқтауды жөн көрдік. Оқыңыздар, тамашалаңыздар, пікір білдіріңіздер! Қойған сұрақтарыңызға жауап беруге әзірміз, ағайын! Енді төмендегі Моңғолия табиғатының бірер суреттерін тамашалап көріңіздер!

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f15

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f13

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f7

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f16

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f14

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f12

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f11

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f9

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f10

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f8

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f6

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f5

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f3

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f4

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f2

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f1

БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

29 Comments on “Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)  

  • Бағдал аға рақмет сізге! Сіздің қорыңызда небір тамаша фотосуреттердің бар екенін білемін. Тек топқа бөліп, осылай жариялап отыруыңызды өтінер едім.

    • Бағдал Ақынұлы

      Ерқазы Сейтқали бауырым, көп рахмет! Жалпы менде сурет қоры баршылық. Мен осы суреттерді қою арқылы әңгіме өрбітіп отырған себебім, осы көрші елдің жетістігінен біздің ата-жұрттағы ағайындар, әсіресе ауылшаруашылық саласының мамандары үлгі алса ғой дегенім. Үш-ақ миллион халқы бар ел мал шаруашылығын қандай деңгейде дамытқанын көрсін, білсін дегенім. Олардың малдан шығатын әр бір өнімін пайдаға жарататын іскерлігін мұнда да жасауға болады ғой. Терісін. етін, сүтін, түбітін, жүнін дегендей. Салыстырмалы түрде қарап отырсақ, біздің осы көрші Монгол елінен алар үлгіміз көп-ақ. Алдағы уақытта сондай материалдар жазып жариялау ойымда бар. Ең бастысы, біз көргендерімізден түйін жасап, оны өзімізде жарата білсек жақсы-ақ болар еді дегенім, бауырым!

  • Дидар Мұратбек

    Қазақтың малы жойылмағанда 1921 басталған колективизасия болмағанда қазақтың малы жерімізге сыймаи кетер еді.

  • Елана Post author

    Бағдал ағамыздың қолы қалт етсе тамаша туындылар дүниеге келе салатынын жақсы білеміз. Көрші елдің жетістіктерін жариялап, көпшілікке үнсіздің арқылы “үнін” жеткізіп отырғанын айтпай кетуге болмайды. Иә, моңғолдардың мал шаруашылығындағы жетістігі алынбайтын белес емес, бізге де жетуге болады ондай деңгейге.

    • Бағдал Ақынұлы

      ЕлАна – kz сайтының редакторы Ермұрат бауырым, пікіріңе және жазбаларымды уақытылы жариялап тұратыныңызға көп рахмет. Әрине, мен де солай ойлаймын. Басқаның қолынан келген дүние неге біздің қолдан келмеске! Осылардан үлгі алсақ, әсіресе біздің Ауылшаруашылық саласы, оның мамандары қазақтың ұлан байтақ кең даласын малымен көркейтуге күш салса екен дегенім. Малдан шығатын әрбір өнімді пайдаға жарата білсе екен дегенім. Көргенінен үлгі алу, оған түйін жасап өз істерінде соның пайдалы жағын іске асыра білу басшыға да баршамызға да пайдалы ғой. Үш-ақ миллион халық малын қандай деңгейде өсіріп отырғанын біздің ауылшаруашылық саласының мамандары көріп үлгі алса ғой дегенім, бауырым.

  • Гулбаршын Кыстаухан

    Керемет, кіндік қанымыз тамған жеріміз, біздің мақтанышымыз, әр кашан да ұмытпаймыз!

  • Zhomart Rahymbek

    Қытай қазақтарының мал шаруашылығындаға осы ғасырға дейн көшпелі малшылары бар болатын, жаздың кең жайлы дала табиғатында жайлауға шығып , ұлан асыр той жасайды.
    Тойда аударыспақ, теңге ілу, көкпар ,байге, қыз қуу сияқты жарыстар ұйымдастырылады. Бұл бұрынғы жауынгер нағыз қазаққа тән дәстүр болатын!
    Өкіншке орай оларда қытайдың елді мекенге отырықтандыру саясаты жүргелі, жаңа қоғамға өзгеруде, және ата дәстүрден алыстауда. Сол жақтағы қалғандарының ұлттық халі мүшкіл десе де болады. Ал елге оралған отаншыл жарты миллионнан астам қандастар өсіп өніп елімізге аз да болса да өз еңбектерін сіңіруде. Жалпы тілейтінім қазақтың саны артып, ұлттық дәстүріміз жалғаса берсін.

  • Дамегуль Утепова

    Табиғаты тамаша Монғол жері керемет екен! Рахмет аға, таныстырғаныңызға туған жеріңізбен.

  • Аскар Акашев

    Біздікі де осындай еді-ау. Жайлау малға толып көшіп бара салып қойшылар бір-бірін ерулікке шақырып шуылдап жатушы едік Жайлаудың сансыз шөптің иісі аңқып, жолда шаршағанымызды ұмытып тас бастаудан жата қалып су ішетінбіз. Керегені керіп уық шаншып бақанмен шаңырақты көтеріп беріп әкеміз бір сырбасты бауыздайтынды. Е, уайымсыз күндер-ай. Қазаққа мал беріп тау тасқа жіберу керек. Сонда мал да жан да көбейеді Аттан түстік аласардық!

  • Zhomart Rahymbek

    Дұрыс айтасыз, дәстүрлі мал шаруашлығын дамытса нағыз залалсыз жасыл өнім болар еді, жане бос жатқан жайлымның игілін көретін еді, халық!

  • Ерлан Декелбаев

    Ассалаумағалейкум Баке! Мына мақалаңызды оқып шыныменде керемет әсер алдым. Білмейтім мағлұматтар алдым. Алла қолыңызға қуат берсін.

  • Бағдал Ақынұлы

    Амин, рахмет Ерлан Декелбаев бауырым! Әрине, біз керекті мәліметтерді осындай әлеуметтік желідегі адамдардың жазбасынан тауып алып жатамыз ғой. Ал, мен мұны Монголияның сайттарындағы мәліметтерден алып, өзімше аударма жасап мұнда қойдым. Туып өскен сол Монголиядан кеткелі де міне 26 жыл зымырап өте шығыпты. Тіпті Монгол тілін ұмытуға шақ қалыппын десем де.. Жазбамның біреулердің қажетіне жарап жатуы мен үшін жетістік қой, бауырым!

  • Аксарбаз Тимурхан

    Әрине, 1985жылдары малы 20миллион шамасында еді, 1989-1998 жылдары мал басын көбейту үшін монголияда арнайы бағдарлама жасаған еді. ҚАЗАҚССР кезінде қаншама мал басы болды бізде, қазір кем дегенде 70миллион жалпы мал басы болатын еді бізде қәзір. Адам емес адам отырып бәрін құртты.

  • Үміт Хапай

    Оқып таныстық бəрі де есімізде. Жүрген жер, тау-тас, аққан су. Сайрап тұр көз алдымызда. Қолдан келер шара жоқ. Ата-жұрт деп үдере көштік. Жылап-сықтап қалған туыс-туғандар болды ғой. Артта қалған туыс-туған, тау-тас табиғат аман болсын. Анда-санда барғанда кіндік қаның тамған жерің өзгеше ғой. Айтар жазар көп -ақ, тауыса алмайсың.

  • Азамат Шохшин

    Жазира жасыл кiлем өрнектеген, бiр кезде менiң жайлауым да осындай болған. Оны қазір кiмнен сұраймын, кiм кайтарып берер екен. Балтабай Батталгазин: Керек емес Парижың, Сары арқамды бер маған деп жырлаганда, жаз конған жайлауы да осындай болган шыгар.

  • Zhendetkhan Saut

    Нақты еңбек деп осыны айт. Еш шетелден асыл тұқымды мал сатып алмай-ақ, қолда бар мүмкіндігін іске асырып отыр ғой.

  • Кадиша Бектурганова

    Əрине керемет , мал баққанға бітеді дейді ғой, енді осы мал бағып отырған халықтың еңбегі қалай бағаланады жəне əлеуметтік жағдай қалай екен???

  • Авкей Уандық.

    Әрине бауырлар мал басы болғаны жақсы ақ, оқу білім алу қайда қалды. Соны ұмытпаса деймін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз