Хоккейден тағы да күміс бұйырды

Сәрсенбі, 08-Ақпан 2017 / 17:39
Хоккейден тағы да күміс бұйырды

Сонымен 28-ші Қысқы Универсиада хоккеймен басталып, хоккей бәсекесінің финалымен өз мәресіне жетті. Қытай ойыншыларының қақпасына 22 шайба соғып, турнирді сәтті бастаған Қазақстан құрамасы финалға дейін ешкімге дес бермеді. Тек жартылай финалда чех хоккейшілері бір шайба соқты демесеңіз, ақтық сынға дейін Кудрятцев қорғаған қақпаның осал тұсын ешкім таба алмаған болатын. Керісінше, алғашқы раундтарда мақтаулы шведтер 5:0 және ширек финалда 4:0 есебімен жеңілсе, чехтар өз қақпаларына сегіз гол жіберіп алған еді. Алайда, қоланы қанағат тұтқан хоккей спортының негізгі державасы Канаданы жартылай финалда сан соқтырып кеткен Ресей мықтыларына қазақстандықтардың шамасы келмеді. Негізі үш периодта да қос команда тең ойын өрнегін көрсеткен-ді. Кудрятцев қақпасының маңындағы қарбалас сәтті пайдаланып кеткен Данил Ильин турнирдің қорытынды шайбасын соғып, өз құрамасына жеңіс әперді. Осылайша қатарынан үшінші Универсиадада күміс алған Қазақстан құрамасы барын салса да, жанкүйер үмітін ақтай алмады.

Естеріңізге салайық, 28-ші Қысқы Универсиаданың жабылу салтанаты «Алматы Аренада» сағат 18:50-де басталады. Командалық есепте Ресейді алға жіберген Қазақстан құрамасы барлығы 36 медаль (11 алтын, 8 күміс, 7 қола) жеңіп алды.

Ермұрат Назарұлы,

Сурет ©Владимир Дмитриев

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз