Шымкентте Мажар елінің өкілдігі ашылды

Дүйсенбі, 30-Қаңтар 2017 / 11:52
Шымкентте Мажар елінің өкілдігі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштванды және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті.

         Басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы  бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. 

«Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлтта кең далада тіршілік еткен. Сондықтан болар венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Отүстік Қазақстан облысы мен Венгрия елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін», – деді Жансейіт Қансейітұлы. 

         Аграрлық салаға бейім Оңтүстік Қазақстан облысы – венгрлік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Аймақ басшысы елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесуде сөз алған Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді. 

424af440-73cb-4ee3-8091-c4aa23b2f418

         «Бүгінде венгрлер Қазақстанға виза рәсімдемей-ақ келуіне мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді»,-деді елші.

         Келелі кездесуден кейін екі тараптың қатысуымен Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымы ұлғайғайып, инвестиция тартуға да септігін тигізбек. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды.

95

         Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштван мырза Қайрат Молдасейітовке Құрметті консул қызметін атқару патентін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар екі елдің өкілдері Құрметті консул декларациясына қол қойды. 

         Айта кетейік, бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша Мажарстаннан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағымы 85,1 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал, Қазақстанның инвестиция көлемі 8,7 млн доллар.

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз