Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді (Фото)

Бейсенбі, 02-Ақпан 2017 / 22:29
Қазақстан-Түркия форумында 5 меморандум түзілді (Фото)

Шымкентте алғаш рет бірлескен Қазақстан-Түркия инвестициялық 3 күндік форумы басталды. Өңірімізге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға бағытталған шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысуда. Делегаттар құрамында көш бастаған Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мен Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Анкара қаласы мэрінің кеңесшілері Рамазан Кабасакал, Мехмед Али Арслан және Сакария провинциясының сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Маһмуд Косемусул және денсаулық сақтау, экономика министрлігінің өкілдері мен кәсіпкерлер сынды жауапты тұлғалар бар. Сонымен бірге, форум жұмысына ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және салаға қатысты жауапты жетекшілер мен кәсіпкерлер қатысуда.

                        sdjf   c752485c-de76-431a-93a1-6df9775dcb58

Форумда түркиялық инвесторларға өңір экономикасы мен инвестициялық ахуалы және инвестицияларға қатысты ҚР-ның мемлекеттік бағдарламалары таныстырлады. Сондай ақ, мұнда екі жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайтатын іскерлік бағдарлама ретінде В2В кездесулерге басымдық берілетін болады.

Оңтүстік өңіріне арнайы келген түрік кәсіпкерлеріне алғысын білдірген өңір басшысы Ж.Түймебаев бұл форумның Елбасының кешегі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған міндеттерді орындаудағы негізгі алғышарттардың бірі екенін атап өтіп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтып, бүгінгі екі жақты кездесудің жемісті боларына сенім білдірді.

Ақпан айының 1-3 аралығында өтетін қазақ-түрік инвестициялық форумы аясында «ОҚО-ның инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы конференциядан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық жобаларының, тауар өндірушілерінің, даму институттарының және туристік жобаларының көрмесі, сонымен қатар, ОҚО-ның негізгі туристік бағыттары бойынша ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда.

 «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

Оңтүстік Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған Қазақ-Түрік инвестициялық форумында сөз алған өңір басшысы Жолдауда жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыстың «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол  тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу қажеттігіне тоқталды.  

987

 «Бұл тұста Қазақстан мен Түркия мемлекетінің  арасындағы қарым-қатынасты атап өткім келіп отыр.  Бүгінде  Анкара Астананың саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналды. Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі  дамыған жиырма елдің қатарында. Әсіресе соңғы жылдары  құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып, Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облысына да өзінің даму үрдісін ұсынып келеді»,-деді әкім.

  Айта кетейік, Түркия елі қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған 20 елдің қатарында. Түркия ұйымдасқан индустриялық аймақ құру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Бүгінде Оңтүстіктегі түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр.  Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын  көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы  3 миллион  халқы бар, мықты экономикалық әлеуеті зор,  серпінді дамып келе жатқан өңір. Сонымен қоса, облыс Азия мен Таяу Шығысты және Еуропаны байланыстырып тұрған «Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай»  автомагистралінің маңында орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірі  экспорт бағдарлаушы өндіріс пен шекаралық сауданың дамуын қамтамасыз етуге күш салады. 

Форумда аймақ басшысы облыстың даму жетістіктеріне тоқталып, түрік кәсіпкерлерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Жиында сондай-ақ, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады.

                      456     aj

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркия Республикасының бизнесмендері енді кәсіпкерлік саласында түрлі жобаларды бірлесе атқарып, жүзеге асыратын болады. Бұл туралы бүгінгі Қазақстан-Түркия инвестициялық форумында екі жақты ынтымақтастықты арттыру аясында түзілген 5 меморандумға қол қою рәсімінде белгілі болды.

897

Нақтырақ айтқанда, форум аясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркияның «Ostim» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы арасында, Түркиядағы Сакария қаласының Сауда-Өнеркәсіп палатасы мен ОҚО Кәсіпкерлік палатасы және «Шымкент ӘКК» ҰҚ» АҚ арасында, сонымен бірге, Түркияның «Volkan Ambalaj» компаниясы мен «Оңтүстік» АЭА» Басқарушы компаниясы арасында және Анталия правинциясының денсаулық сақтау басқармасы мен ОҚО денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандумдар түзілді.

                          shny      hgl

                          hk      dfh

Бұл құжаттар алдағы уақытта қазақ-түрік биснесмендерінің кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін ілгерілетіп, Түркиядағы индустриалды аймақтардың жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, тиісінше, біздегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының ерекшеліктерімен түрік кәсіпкерлерін таныстыруға мүмкіндік береді. 

Екі жақты қол қою шарасынан кейін облыс әкімі Ж.Түймебаев келісімге келген түркиялық 5 компанияның жетекшілерімен арнайы кездесіп, алдағы бағыт-бағдарды айқындады.

Жалпы, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстандағы түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын  көрсетеді.  Мұнан бөлек, соңғы 3 жылда түркиялық  әріптестермен құны 33,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 18 жобаның 6-уы түркиялық кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылуда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Баланы бақытты етудің 5 жолы

Facebook парақшамыз