«Қазақстан ZAMAN» газетіне – 25 жыл!

Жұма, 20-Қаңтар 2017 / 08:55
«Қазақстан ZAMAN» газетіне – 25 жыл!

Мына  назарларыңызға ұсынып отырған «Қазақстан ZAMAN» газетінің алғашқы тұсаукесер нөмірі осыдан 25 жыл бұрын 17 қаңтарда шыққан. Яғни, бұл газет осы аптада мерейлі 25 жасқа  толып отыр. Ширек ғасыр бұрын Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің қос президенті, қос бауыр газеттің дүниеге келген күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізген болатын. Сол ыстық лебіз тасқынының қос толқынын бүгінгі мерейлі күнгі құттықтау сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев:

«Заман — Қазақстан» газеті лайымда парасат пен парықтық, имандылық пен инабаттылықтың, ізгілік пен ибалылықтың үні болғай!»

Тұрғыт Өзал, Түркия Республикасының Президенті:

«Түркиядағы мән-жәйды жан-жақты танып, қазақ жұртына жеткізе білсе, Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістермен дер кезінде бізді хабардар етіп отырса, нұр үстіне нұр деп білер едім. «Заман — Қазақстан» осы мақсатты ұстанар деген берік сеніммен сәтті қадам тілеп, қуана құттықтаймын!»

%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd-1-%d0%bd%d0%be%d0%bc%d0%b5%d1%80

…Міне, содан бері газет қос Президенттің тапсырмаларын мүлтіксіз орындап келеді. 25 жыл бойына елмен қоян-қолтық бірге болды. Қат-қат жиналған газет тігінділерін ақтарсаңыз, оған бірден көзіңіз жетеді. Халықтың қуанышына бірге қуанып, қиындығына әрдайым ортақтасты. Еліміздегі болып жатқан ірілі-ұсақты оқиғалардың бәріне де өзінің жарқын үнін қосты. Әрине, газеттің өз басында да қиыншылықтар болмай қалған жоқ. Бірер мәрте жабылып, қайта бойын түзеді. Шүкір, сонда да өзінің даңғыл жолынан жаңылмай, газетіміз болашаққа қарай нық адымдап келеді. Бұл газетте істеген небір талантты журналистер қазір БАҚ саласында жемісті еңбек етіп жатыр. Біз бүгін алғашқы шыққан нөміріміздің бет-бейнесін беріп, газетіміздің туған күнімен қалың оқырман қауымын  хабардар етуді жөн көрдік. Құдай қаласа, алдағы уақытта бір нөмірде газетіміздің тарихын, тілектес жандардың игі тілектерін берсек деген ой бар. Сүйікті басылымдарыңызға деген тілектер, ниеттер, ыстық лебіздер болып жатса, жіберіңіздер. Оны газет беттерінде оқтын-оқтын жариялап отырамыз. Сонымен, газеттің туған күн тойы тек қана ұжым емес, бізге зор сенім артқан оқырмандарымыздың да ортақ тойы. Той құтты болсын, ағайын! Халқымызға амандық-есендік, ынтымақ-бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

«Қазақстан ZAMAN» және «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Баланы бақытты етудің 5 жолы

Facebook парақшамыз