Қолда тұрған «алтыннан» қапы қалдық

Жексенбі, 05-Ақпан 2017 / 13:37
Қолда тұрған «алтыннан» қапы қалдық

Бүгін биатлоннан Қазақстанның студенттер құрамасы күміс медальді місе тұтты. Өйткені, аралас эстафетада Галина Вишневская мен Дарья Уссановалардың алтынға салып берген даңғыл жолын Василий Подкорытов пен Антон Пантов жалғай алмады. Тіпті, эстафетаның соңында Антон ресейлік қарсыласы Сергей Корыстылевпен иық тіресіп тең келе жатқан болатын. Бірінші нысана көздеуде екеуі бір де бір қателікке жол бермесе, екінші нысана көздеуде қазақстандық биатлоншының жолы болмай, Сергей алысқа ұзап кетті. Сөйтіп, Ресей студенттер құрамасы алтынды, Қазақ елінің биатлоншылары күмісті иеленсе, қола украин спортшыларына бұйырды.

«ЕлАна»

Сурет ©almaty2017.com

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз