…Қыздарымыз тұрмақ қойнымыздағы қатындарымыздан айрылатын боламыз

Бейсенбі, 05-Қаңтар 2017 / 08:13
…Қыздарымыз тұрмақ қойнымыздағы қатындарымыздан айрылатын боламыз

Осы фейсбукте ескі аккаунтымда бір «казашка» досым болды. Өзі жас, керемет сұлу еді. Жан баласын менсінбей отыратын, парақшасынан байқағаным өзіне қырындаған, мақтау айтқан жігіттерге жауап жазбайтын паң еді.

Оған мән бермейтін едім, кейін бір фотода оның қалада бір италияндық жігітпен құшақтасып тұрғанын көріп оның біздегі тәккаппарлығының сырын түсінгендей болдым. Енді қазір өз басым осы фейсбукте сылқым «казашкалардың» жайнап тұрған суреттерін көрсем, «осылар біздікі ме, әлде сіздікі ме Марко, Джон, Мехмет?» деп ойлайтын болдым.

Қазақ жігіттерінің жағдайы түзеліп, олар қарғыс атқыр «стройка», «охрана», «таксидан» шығып ұлт ретінде сапамыз көтеріліп, ғылым меңгеріп, басына баспанасы, астында тұлпары, түзу қызметі, білімі, заманауи санасы қалыптасып, қазақ халқы тек плакаттағы жалаң ұранда емес, шынайы өмірде «бәсекеге қабілетті ұлт» болып қалыптаспаса, біз жуық арада қыздарымыз тұрмақ қойнымыздағы қатындарымыздан айрылатын боламыз. Ол үшін қазақ халқы жылдам қалалану керек әрине. Маған дереу арада осындай реформаларды істеп беретін басшы болса, мен өмір бойы оның құлы болып кетуге даярмын.

Қыздары жігіттерін менсінбеген аз санды ұлтта ешқандай болашақ жоқ. Ол халық жаһандану дәуірінде көп ұзамай құрып бітеді. Осы сөз есте болсын.

Олжас Әбіл

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

1 Comments on “…Қыздарымыз тұрмақ қойнымыздағы қатындарымыздан айрылатын боламыз

  • Елана Post author

    Айналайынай ащщы болсада шындықты жүрегі жылап болашаққа лаңдап жазыпты өтірік дей алмаймыз..!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Өмір сабақтары

Facebook парақшамыз