Ұлттық құрама спортшылары Шымкентте жаттығады

Дүйсенбі, 16-Қаңтар 2017 / 14:42
Ұлттық құрама спортшылары Шымкентте жаттығады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы, «Тассай» шағынауданында орналасқан «БИІК» спорт кешенінде дзюдодан әйелдер және ауыр атлетикадан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық құрамаларымен  кездесті.

«Өздеріңізбен Оңтүстікте жүздескеніме қуаныштымын. Сіздер Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында тамаша өнер көрсеттіңіздер. Осы оқу-жаттығу жиынында да көзге түскен облысымыздың мықты-мықты спортшылары еліміздің бас құрамасына енеді деп ойлаймын. Біздің өңірде заманауи үлгідегі базалық спорт орталықтары аз емес. «БИІК» спорт кешені солардың бірегейі.  Сондықтан сіздердің осы орталықта  жаттығып, дүбірлі додаларға дайындық жүргізулеріңіз біз үшін үлкен қуаныш. Байрақты бәскелерде қарсыластарыңыздан әрқашан бәстеріңіз биік болсын!»,-  деді өңір басшысы Ұлттық құрама мүшелерін республикалық алғашқы оқу-жаттығу жиындарының басталуымен құттықтап.

Спорттық оқу-жаттығу жиыны барысындағы жүздесуде дзюдодан әйелдер арасында ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы М.Данайбаев пен ауыр атлетикадан ерлер арасында ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы Алексей Ни 2017 жылы өтетін халықаралық жарыстар алдындағы дайындық жұмыстары мен жоспарлары туралы ойларымен бөлісті. 

27236867-b93e-4c31-97c9-744b5bfa944a

«Ел спортының тарихында Оңтүстік Қазақстан облысының орны ерекше. Осы өңірдің тумасы  ауыр атлетикадан  әйелдер арасында тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұлдың олимпиада ойындарында күміс жүлде олжалауының өзі үлкен мақтаныш. Бұл өңірдегі спорттың дамуына жергілікті билік тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен шынайы жанашырлықтың арқасы», – деді Алексей Ни.  

Жиын барысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев биыл республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын облыс спортшыларының дайындығы туралы баяндады.

2e0ceefa-171c-475a-bd29-c38bb8751cdc

«БИІК» спорт кешенінің жұмыстарымен танысқан Жансейіт Қансейітұлы Бризилияда өткен ХХХІ Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен дэюдо күресінен әйелдер арасындағы қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэгцэгті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапаттады.

2be8c7fa-af71-4b0c-87e0-ec9dfec8ef71

Айта кетейік, Оңтүстікте 4 облыстық және 4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі ауыр атлетика бөлімдерінде 41 бапкер 600-ге жуық баланы жаттықтырады. Соңғы 25 жылда әлемдік жарыстарда, Азия біріншіліктерінде облыстың 11 ауыр атлеті топ жарса, оның 6-ауы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Ал, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі 35 спорт мектебінің дзюдо бөлімдерінде 150 жаттықтырушы 3 мыңнан астам баланы тәрбиелеуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз