Әбден күйінген ата-ана мен мұғалімдер, Қазақстан мектептеріндегі былық-шылықтарды жариялады…!

Жексенбі, 22-Қаңтар 2017 / 17:11
Әбден күйінген ата-ана  мен мұғалімдер,  Қазақстан мектептеріндегі былық-шылықтарды жариялады…!

Қазақстандық мұғалім елдегі оқу жүйесі мен мектептердегі қалыптасқан жағдайды қатаң сынға алып жазды qamshy.kz. 

524fe00335394

Ата-аналар ашуға мініп ғаламторда моральдық шығынды өтеп алу үшін қаржы өндіріп алатынын жазып, қорқытпақ болғанда көңілім босайды. Себебі оларда ақша жоқ. Қазақстандағы мектептегі мұғалімінің өмірі – жүйке жұқару мен кедейшілікте өтеді. Оқытушы кәсібін сауапты іс дейтіндер мені кінәләйтін болар. Бірақ сауапты іс пен жоғары мақсаттар туралы оқытудың алғашқы жылында-ақ ұмытып кетесің.

Paper family in hands

Менің ойымша мұғалімдікке бос уақыты көп немесе жалғыз басты, отбасын құру, балалы болуды қаламайтын адам баруы керек. Өздеріңіз түсініп отырғандай аталмыш нұсқалардың барлығы мүмкін емес. Ондай адам жоқ.

Менің жасым 30-да. Орта мектепте ағылшын тілінен сабақ беремін. Менің жеке өмірім де, артық ақшам да жоқ, айналысып жатқан ісіме қанағаттанбаймын. Қазақстандық мұғалімдер дөрекі оқытушылар мен есерсоқ басшыларға, білім жүйесіндегі бейберекетсіздікке қарсы тұруға талпынып жүрген, ешқандай құқығы жоқ адамдар.

Балалардан бастайық. Мен алғаш мектепке мұғалім болып орналасқанда оқушыларды барынша қызықтыруға тырыстым. “London is the capital of Great Britain” деуден арыға бармайтын мұғалімдерге қарағанда, мен де басқа оқыту әдісі болды. Сүйікті ағылшын әндерін оқушылармен бірге аудардым. Оқушылар қызықты ағылшын телехикаяларын субтитрмен көре алу үшін, барлық жаттығуларды аз уақыттың ішінде жасауға тура келді. Балалар сабақтан тыс олармен ағылшын тілінде сөйлесуіміді сұрайтын. Олардың көзі жанып тұрды!

Оқушылар «қызықты ағылшын» тілі пәнінің уақытын ұзартып, зеріктіретін ағылшынды мүлде алып тастауымды сұрады. Отандық авторлардың сапасыз кітаптарын оқығысы келмеді. Авторлар қазіргі заманның адамдары. Алайда оқыту әдісі ескіріп кеткен. Мен жоғары сыныптың мұғалімі болсам да, кітаптар мектепке дейінгі балаларға арнап жазғандай әсер қалдырады. Балалар әртүрлі болады. Оқушылардың жеткіншек кезеңін, гормондар басқа да мәселелерді ескеру қажет. Сеніңіздер, мен түсінігі мол ұстазбын. Көз жассыз болмады. Бұған 9-шы сыныпта оқитын қыздар себепкер болды. Оқушылардың бірі үнемі сабаққа кешігіп келіп, сабақ кезінде белсенділік танытып, пән бойынша ешқандай білімі болмағандықтан сәйкесінше тоқсанның соңында қанағаттанарлық баға қойдым. Мұны білген ата-анасы бүкіл мектепке жанжал шығарып, сотпен қорқытты. 

Бұған дейін сыйлап келген директорым мені шақырып алып, бағаны төртке түзетуімді сұрады. «Бізге артық бас аурудың қажеті не? Әкесінің байланыстары мықты» деді директор сыбырлап. Шынымен де өздерінің еркетотай балаларына бағаны сатып алып беретін «Үлкен» адамдарға қарсы не істей аламыз? Ендігі тоқсанда «ақылды» оқушыға төрт қойғаным оның сабаққа мүлде келмеуіне құқық берді. Құдайға шүкір, оқушылардың көбі үйінде жақсы тәрбие алғандар. Олар бұл жағдайға түсіністікпен қарады.

 Енді график жөнінде. 24/7 – бұл біздің ұран. Олимпиада, сенбіліктер, мәдени шаралар, қағазбастылық, ата-аналарға хабарласу, бітпейтін жиналыстар. Бұл үшін мұғалімге ақша төленбейді. Мұғалімдерге сағатына ғана ақша алады. Егер өз жетекшілігіңе сынып алсаң күлкілі сыйақыларға ие боласың. Комисся – бұл бөлек тақырып…Бізді түртпектемеуі үшін оларға сыйлық жасаймыз. Ол жасырын түрде жүреді. Біздің мектепке кінә таға алмайсың. Егер ешқандай жабдық болмаса, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлмесе, еден жуушылардың жалақысы 50 мың тенге болса, не деп кінә артуға болады? Біз онымен қоймай сыйлық жасаймыз. Баймыз ғой себебі… Жастарға өсуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Осы жылы мен жұмыстан шығамын және бұл тозаққа қайтып оралуға ешқандай ниетім жоқ. Оқушылар сағынатынын айтып жатыр. Әрине мен де оларды сағынамын. Бірақ қайтесің тек махаббатпен ғана өмір сүре алмайсың. Сондықтан қымбатты ата-аналар, біз туралы жаман пікір білдірердің алдында, біздің орнымызда болып көріңіздер. Сіздер бір сағатта бұл жерде тұра алмайтындарыңызға сенімдімін. Ал ай соңында мардымсыз ақшаны көргенде жылап жібересіздер. Айыптамаңыздар! Оданша балаларыңызға қазақстандық мұғалімдердің еңбегін сыйлауды үйретіңіздер. 

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Ал енді ата-ана жанайқайын тыңдайық ..!

 Дайындаған: ЕлАна

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Баланы бақытты етудің 5 жолы

Facebook парақшамыз