Әбу Ханифа (р.а.) неге зәулім сарай тұрғызды?

Дүйсенбі, 30-Қаңтар 2017 / 09:58
Әбу Ханифа (р.а.) неге зәулім сарай тұрғызды?

Әбу Ханифадан тарихта хәзірет Әли (р.а.) мен Муғауия (р.а.) арасында болған соғыс туралы пікірін сұрайды. Әбу Ханифа оларға: «Мен Алланың құзырына барғанда, әр сөзім үшін жауап беруден қорқамын. Ал егер үндемесем, «неге үндемедің?» демес. Ең дұрысы, басқаларды қойып, әркім өзінің мұсылмандық міндетіне көңіл бөлгені жөн», – дейді.

Осы айтқандай әр мұсылман өз амалына ден қоя ма? Адамзат көбіне сөйлеген сөзге мән бермей, қолымен істеген амалдарына ғана көңіл аударады. Әрине, амал-әрекетке барынша мұқият болған абзал. Осы ретте амалдар тек физикалық тұрғыда ғана жасалмайтынын ескеру жөн. «Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады. Сол күні Алла оларға лайықты жазасын береді. Сондай-ақ, рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі» делінген «Нұр» сүресінің 24-25 аяттарында.  Дене мүшелеріміздің айғақ беруінен бөлек амалдарымызды өлшейтін туралық таразысы бар. Ол жөнінде Құранда: «Қиямет күні туралық таразысына қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір дән түйірінің салмағындай болса, оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» («Әнбия» – 47).

Адам жақсы және жаман амалдарымен Алла алдына барады.  Мизам таразысында жақсы амалдарымыз ауыр салмақты көрсетуі үшін игілікке амал ету керек. Адамзаттың қай амалы таразыда ауыр тартатыны белгісіз. Берген садақа, мұқтажға көрсетілген көмек немесе жамандыққа жақсылықпен қайтарлыған жауап секілді амалдардың сауабының деңгейі тек бір Аллаға ғана аян. Қателікке бой алдырған адам үшін ең қайырлысы тәубеге келгені. Сол арқылы күнәсі кешіріліп, таразысы жеңілдеуі мүмкін. Әнас ибн Мәлік (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі ﷺ былай деді: «Адам баласының бәрі де қателесуші, ал қателесушілердің ең қайырлысы тәубе еткендері» (Термизи). Тәубе ету арқылы адам иманын кәміл етуі мүмкін. Ал тәубе етуге де ниет керек. Барлық іс-әрекет ниеттен басталады. Ниет еткен үшін де өз алдына сауап бар.

Имам Ағзамның үйі Куфадағы ең әдемі үйлердің бірі еді. Бір күні оған біреу келіп: «Уа, имам, өзің ғалымсың. Сөйте тұрға мынандай салтанатты сарай салдырасың. Дүниеге қызыққаның ба, мұны қалай түсіндіресің?, – дейді. Сонда Әбу Ханифа: «Рас айтасың. Мен дүниенің құлы емеспін, бірақ Алла разылығы мен адамдардың алғысын сүйген құлмын. Үлкен сарай салдырғанымның себебі, қалаға келген қонақтардың көзі алдымен менің үйіме түсіп, соларды өзіме қонақ ету еді. Жолаушыны тойдырып, Жұмаққа бір табан жақындай түсуді ниет еттім», – деп жауап берген екен.

Осы келтірілген хадистерді бірретілікті сақтап жаздық: тілге сақ болу, әрбір амалдың таразыға тартылатыны, мизамда жақсы амалдар ауыр тартуы үшін әрдайым тәубе етіп, игі істерге ниет ету. Өйткені, «Ал сол күні кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мәңгі қалады», – делінген «Муминун» сүресінің 102-103 аяттарында. 

Құрметті мұсылман бауырлар, Сіздерді әрдайым игі істер атқаруға, шақырамын. Жоғарыдағы хадистерге амал етіп, Құран аяттарын түсіне оқып, зерделеу үлкен сауапты іс болмақ. Алла Тағала амалдарымызды сауаптан жазғай!

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы,

Теміртау қаласы орталық мешітінің бас имамы

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз