5 жылда өз тілін ұмыту мүмкін бе?

Сенбі, 28-Қаңтар 2017 / 12:13
5 жылда өз тілін ұмыту мүмкін бе?

Депутаттар заң жобасы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменовке мемлекеттік тілде сұрақтарын қарша жаудырып, құжаттың шикiлiгiн алға тартты. Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов «Мәскеуде бес жыл қызмет істей жүріп, қазақ тілін ұмытқанын» көпшілікке жайып салып, барлық сауалға орыс тілінде жауап қатты. «Тілін ұмытқан министрдің» әрекетін қара сөзден гөрі өлеңмен әжуалағанды жөн көрдік. Әнге айналып жиын-тойларда айтылып жүрсе, бәлкім, бір күні хитқа айналып, жас министрдің де құлағына жетіп, өз ісіне өкінер деген үміт біздікі.

(«Қарағым-ай» әнінің әуенімен айтылады) (пародия)

Қарағым-ай, Бес жылда тілді ұмыту обал екен,

(Мұның арты неге апарып соғар екен?!).

Өз тілін шетке шықса ұмытатын

Министр қазақ қана болады екен.

Қарағым-ай, Көңілің осындайда босайды екен,

(Тіл білмесе қалай билік жасайды екен).

Министр неге мұнша масайды екен?

Ол өзі қазы-қарта асай ма екен?

Қарағым-ай,

Ұлтжанды депутатқа жақтырмай қарадың-ай,

Қарағым-ай, халық сенің қарамайды қабағыңа-ай.

Қарағым-ай,

Сорақылық осындай болады екен,

Таңдап жүріп біреуге қонады екен.

Министр келіп-кетер қонақ екен,

Тілді ұқпаса тірлігі шолақ екен.

Қарағым-ай,

Тіл білмеген министр жосады екен,

Атақ пен абыройды тосады екен.

Сенім артқан ел-жұртын қорлағандар

Қай күні қызметтен босар екен?

Қарағым-ай,

Ұлтжанды депутатқа жақтырмай қарадың-ай,

Қарағым-ай, халық сенің қарамайды қабағыңа-ай.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, , ,

1 Comments on “5 жылда өз тілін ұмыту мүмкін бе?

  • Бағдал Ақынұлы

    Тамаша өрілген өлең екен! Құдайым-ау, осы біздің елдің өзіндік ішкі саясаты, идеологиясы деген бола ма? Болса, жыл санап біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз деп жар салып жүрген ана тіліміздің тағдыры неге бұлай? Бір ғана адам өзіндігіген қателессе, оның зияны тек өзіне тиер. Ал, мемлекеттік саясаттан жіберілетін осындай қателіктер болашаққа, ұлтымызға жасалып отырған қиянат қой. Осылай кете берсе, ана тіліміздің тағдыры не болмақ. Тілін ұмытқан ұлт, өзгеге жұтылып жоқ болары сөзсіз! Өкінішті-ақ!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) 60 қасиеті

Facebook парақшамыз