Әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен инженерлер Астанада бас қосты

        Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және олардың жүзеге асыру әдістері» тақырыбында WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өз жұмысын бастады. Әлемнің 51 елінен 1000-нан астам қатысушылар, оның ішінде 300 шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс жұмысына қатысуда. WSEC-2017 ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академисы. 

Конгресті ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық инженерлік академиясы (оның құрамында 48 мемлекет бар), Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясы, Ислам елдері инженерлік институттарының федерациясы FEIIC (оның құрамында 21 мемлекет бар), Жаңартылатын энергия көзі бойынша халықаралық агенттік IRENA (оның құрамында 181 мемлекет бар), Халықаралық сутегі энергетикасы қауымдастығы, Бүкіләлемдік энергетикалық кеңес, Бүкіләлемдік болашақ қауымдастығы (Германия), Күн сәулесі бойынша халықаралық қауымдастық және бірқатар ұлттық инженерлік академия, әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындары мен халықаралық ұйымдар қолдады.     

      Конгресс спикерлерінің қатарында Нобель сыйлығының төрт лауреаты, ”Жаһандық энергия“  Халықаралық сыйлығының сегіз лауреаты, танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдар, экологтар, сарапшылар, БАӘ қоршаған ортаны қорғау министірі, Cан-Паулу штатының энергетика және тау-кен өндіру өнеркәсіп министрі, Бразилия Федеративтік Республикасы, жетекші ғалымдар мен сарапшылар бар.

       WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия бойынша алғашқы рет өткізіліп отыр.

       Екі күн ішінде 300 астам баяндамалар оқылып, 80-нен жоғары ғылыми презентациялар жасалады, жүзеге асырылған инновациялық жобалардың макеті немесе бейнематериалдары таныстыралады. Үш дөңгелек үстел мен көптеген дискусиялар күтілуде. Конгресс жұмысы белглі қазақстандық ғалымдар мен инженерлер өз құзыреті аясында бөлініп, төрт ғылыми блоктар:

         — 2050 жылға дейінгі әлемдік энергетика саласының даму сценарийі мен перспективасы;

         — Энергетикалық трилемма балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық;

— Әлемдік энергоресурстардың даму тренды;

— Ғылыми кадрлық қауіпсіздік бойынша жұмыс жасауда.

«Форум көптеген мүдделі сарапшыларды айналасына жинап отыр. Бізді 20 астам халықаралық ұйымдар мен академиялар қолдады. Бұл өз кезегінде тақырыптың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзектілігін білдірсе керек», — дейді WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің Халықаралық бағдарламалық комитеті теңтөрағасы, ҚР Инженерлік академиясы президенті Бақытжан Жұмағұлов. «Қазақстан — 2050» стратегиясында Елбасы Н.Назарбаев XXI ғасырдың жаһандық мәселелері, оның ішінде табиғи ресурстардың таусылуы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен үшіншіт энергетикалық индустриалды революция мәселелері көтерілген болатын. Конгресс жұмысы барысында осы мәселелердің талқылануын күтудеміз. Себебі, жаңа уақыт тууда, үміт пен құндылықтар бағдары ауысуда, ғылыми, инновациялық жетістіктерге сұраныс өсуде.

WSEC-2017 ғалымдар мен инженерлердің тек дискуссиялық алаңы ғана емес. Конгресс ЭКСПО аясында өткізіліп жатқандықтан энергетиканың, шын мәнінде, шексіз мүмкіндіктерін паш етуге бағытталған. Басты ұйымдастырушылар пікірінше, WSEC-2017 жұмысы барысында әлемнің энергетика саласындағы ең үздік трендтер бекітіледі деп күтілуде.