Димаштың концертіне дайынсыз ба?

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, шетелге шықса халқы тілеуін тілеп, тақымын қысып отыратын Димаш Құдайбергеновтің бүгін елордада жеке концерті өтетінін баршамыз жақсы білеміз. Бұдан екі жыл бұрын Қайрат Нұртас «Астана Арена» стадионында Нюшаға қазақ тілінде ән салдырса, Димаштың концертінде де қалың көрермен түрлі тосынсыйдың куәсі болады деген сенімдеміз. Бұған дейін Димаштың өзі хабарлағандай, концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызынан бөлек Қытайдың танымал әншісі Терри Лин, Ұлыбританияның жұлдызы Софи Элис Бекстор, 2012 жылы «Евровидение» байқауында топ жарған Лорин және ресейлік белгілі әнші Кристина Орбакайте ән салатын болады. Димаш «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында концерт береді дегеннен бастап билет алудың қамына кірісіп кеткен жанкүйердің арасында қытайлық тыңдармандардың да барын айта кетейік. Еңбекқор Қытай халқы бар жұмысын жиыстырып, Астанаға арнайы келіп жатыр. Ал, сіз, қазақ көрермені, Димаштың кешіне дайынсыз ба?

«ЕлАна»,

Сурет ҚазАқпарат ақпараттық агенттігінің сайтынан алынды