Ұлттық өнерді қадірлесеңіз, «Алатау» театрының концертіне асығыңыз!

Ұлттық өнерді дамыту және насихаттау мақсатында шаңырақ көтерген «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы байтағымызда өтіп жатқан дүбірлі мерекеге үн қосу үшін Астанаға гастрольдік сапармен келді.

Театр өнерпаздары «ЭКСПО – 2017» дүниежүзілік көрмесіне орай Алматы мәдениет күндері аясында маусымның 16-17 жұлдызы дәстүрлі музыка кештерін өткізеді. Атап айтсақ, 16 маусым сағ. 19:00-де Астана қаласы Жастар театрында «Інжу-маржан» дәстүрлі музыка кеші, 17 маусым Этноауылда сағ. 15:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерттік бағдарламасы, сағ. 19:00-де «Мәңгілік мұрат» дәстүрлі музыка кеші өтеді.

Бұл шараларда қазақ дәстүрлі музыка өнерінің сайыпқырандары, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының елге әйгілі, белді өнерпаздары Жәкен Омаров, Сәуле Жанпейісова, Аманқос Садықов, Алма Аманжолова және театрдың жас таланттары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Еркін Шүкіманов, Нұржан Жанпейісов, Мұрат Әбуғазы, Талғат Әбуғазы, Бағдат Самединова және «Қоңыр» тобы сынды халыққа танымал тұлғалардың өнері дәстүрлі музыка кешінің сәнін келтіріп, көркін қыздыра түспек.

       

Ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста ән тыңдап, құлақ құрышын қандырғыңыз келсе, «Алатау» театрының дәстүрлі музыка кешіне асығыңыз!

Кіру тегін!

Байланыс телефондары: 87078383634, 87073139163