СҚО әкімі: «Береке» Петропавлдың ең әдемі шағынаудандарының бірі болуы тиіс»

Аппараттық кеңес барысында өңір басшысы  Құмар Ақсақалов облыс орталығын абаттандыруға байланысты осындай тапсырма берді. Кеңесте облыс орталығын абаттандыру жөнінде Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов айтып берді.

«Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша  үшайлық аясында облыс орталығында жоспарлы жұмыс жүргізілуде, оның ішінде эстетикалық көрініске сәйкес келмейтін әртүрлі бөгеттер мен қоршаулар алынуда. Қала орталығы мен  басты көшелердегі алынып тасталатын  бөгеттер мен қоршаулардың негізгі  бөлігі анықталды. Жабық қоршау иелері  мүлдем бас тартқан жағдайда, оларғаторлы полимерлі жабылғы түріндегі заманауи еуроқоршаулармен ауыстырудың баламалы түрлері ұсынылады»,- деді Марат Тасмағанбетов.

img_2732

Өз кезегінде өңір басшысы қаланы абаттандыру тек қана сәнсіз қоршауларды алып тастау ғана емес, ол облыс орталығын көгалдандыру, көше жолдарын, бақтарды, Қазақстан Конституциясы көшесін, аулаларды қылпына келтіру  екендігінатап айтты

«Бүгінгі күні бізде «Қызыл белдеулерге», яғни коммуникациялар өтетін аумақтарға іс жүзінде ғана емес, моралдық жағынан да ескірген дүңгіршіктер мен сауда нүктелері салынған. Бүгінгі күні олар қаланың бет-бейнесін бұзып тұр, эстеттикалық талаптарға да жауап бермейді. Ашық түрде саудажасайтын базарлар көп. «Қызыл белдеуде» тұрған нысандардың иелерімен  жұмыс істеуді қала әкіміне жүктеймін, бақылаусыз сауда орындары алынып тасталады.Алдын ала ескертемін – сауда алаңдарын әзірлеңдер. Талаптарға жауап беретін сауда  орталықтарының құрылысы үшін, орын бөлуге қала әкімдігі  әзір»,- деді  Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі «Береке» шағынауданын абаттандыру жағдайына ерекше назар аударды.

«Өте жақсы аудан болып келе жатыр. Онда құрылыс қарқынды жүргізілуде, алайда оны көрсейту бойынша шешімін күткен мәселелер өте көп. Біз шағынауданның аулаларын жаяу аралып шықтық. Толығымен антисанитарлық жағдай орын алған. Құрылыс қарқынды, ал аумағы  адам көргісіз. Абаттандыру үшін жақсы жоспар керек. «Береке» қаланың ең көрікті шағынаудандарының бірі болуға тиісті»,- деді  өңір басшысы.

img_2706

 Өз кезегінде қала әкімі Марат Тасмағанбетов «Береке» шағынауданында жанға жайлылогистиканы қамтамасыз ету үшін, бюджетте жаңажолдар салу қарастырылғанын тілге тиек етті.

 Талқылау барысында  облыс әкімі қаланың сапар карточкасы ретінде  Вокзал алаңын көріктендіруді жақсарту қажеттігіне назар аударды.

 «Көптеген нысандар бойынша жұртшылықты, жастарды қатыстыра отырып, ұжымдық шешім  қабылдау  керек. Біз жастармен кездестік, оларда қызғылықты сәулеткерлік шешімдер  мен  жобалар жетерлік. Соның барлығын бірлесе талқылаған орынды. Бір кабинетте отырып алып қана  шешім қабылдаудан аулақ болғанымыз жөн. Қаланың жекелеген мәселелері тыңғылықты қоғамдық талқылаулардың болмағанынан қордаланғанын көріп отырмыз»,- деді Құмар Ақсақалов.