Кәсіби мерекеде еңбегі еленгендер

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Қазақстан ZAMAN» газеті бас директорының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сайтымыздың бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы мен газет тілшісі Нағашыбай Қабылбек ҚР Парламенті мәжілісінің заттай сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, Сәуле Мешітбайқызы ҚР Тұңғыш Президенті қорының, «Бас редакторлар клубы» мен Қаржы министрлігінің марапатына, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алғыс хаттарымен заттай сыйлығына ие болды.

«Қазақстан ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Еліміздің қоғамдық-саяси экономикалық әлеуметтік мәдени-рухани өміріндегі өзекті мәселелерді кәсіби біліктілікпен ақпараттандыруға үлес қосқаны үшін Ерқазы Сейтқали Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ал Ермұрат Назарұлы «Ақ жол» партиясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Алғыс хатын иеленді. Ал, «Қазақстан ZAMAN» газетінің жас журналисі Жұлдыз Әбіл Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Спорт және туризм академиясының, А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО АҚ басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, қаламдарына қуат, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз! 

Құрметпен, «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты