Н.Ахметзакиров Тәжікстан Елшісімен кездесті

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. Наиль Ахметзакиров Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Назирмад    Ализодамен кездесті.

img_%d0%b2%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b5%d1%87%d0%b0-4444

Тараптар екі ел арасындағы қол жеткізілген келісімдер аясында қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қанағаттанушылық білдіріп, өңірдегі тұрақтылықты нығайту жөніндегі күш-жігерді жұмылдыру қажеттілігін атап өтті.

Бұл ретте Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық құқық қорғау кадрларын оқыту мақсатында Академия базасында құрылған Өңірлік Хаб аясында бірлескен жұмыс жүргізу арқылы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Хабты құрудың басты мақсаты туралы айта отырып, Академия жетекшісі өңірдегі елдердің экстремизм және терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, адам саудасы және киберқылмыспен күрестің негізгі бағытында тұрғанын атап көрсетті.

Осы қауіп-қатерлерге уақтылы әрі тиімді қарсы тұру үшін мамандарды қылмыспен күрестің мықты әлемдік тәжірибесі мен алдыңғы қатарлы технологиясына сапалы үйретудің өткір қажеттілігі туындап отыр.

БҰҰ-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын ерекше атап өтті, ол хабтың тиімді қызмет етуіне кең мүмкіндіктер ашады.

Осы орайда Н.Ахметзакиров Тәжікстанның уәкілетті органдарымен әлеуетті серіктестер ретінде байланыс орнату қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Елшіге мүдделі ведомстволарды оқыту орталығының миссиясы мен қызметі туралы кеңінен ақпараттандыруға ықпал етуді ұсынды.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі