Сабыр Адай: Қазақстан — Жалғыз Ұлы Қазақтың!

                                                                                                        

hnfgjng

   Атам Адай, әжем Айтжан, әкем Аманкелді,анам Ұмсынайдың менің өмірімдегі ең аяулы жандар екенін отты жырыммен де жеткізе алмаймын. Егер мен бір зор жетістікке, атаққа жете алсам сол кісілердің тәрбиесінің арқасы дер едім. Мен бүгін осы асыл жандардың жатқан жерлері жайлы, имандары саламат, жандары жанатта болуын бір Алладан жалына сұраймын.

 

img-20170509-wa0000

Марқұм, Əжесі-Үдербайқызы Айтжан. Кəкем Адай шалдың кемпірі. 82 жасында дүниеден өтті. Ескілікті əңгімелерді көп білетін, бауырмал, балажан адам еді.img-20170509-wa0001

Марқұм, Əкесі-Аменгелді немересі, Адайұлы Шеркешбай. 83 жасында дүниеден өтті. Жоғары білімді маман, ұстаздық етті. Қызметте абыройлы, мейірімді əке болды. Сегіз бала тəрбиелеп өсірді. Бəрінде үй қылды. Бəріне де жоғары білім алуға мүмкіндік жасады. Орта Азияның, Өзбекстанның жəне Қазақстанның білім министрлігінің марапаттауларына ие болды. Білім саласында лауазымды қызметтерде жасады. Екі институт бітіріп, бірнеше туыстас, түркі тілдерін білетін адам еді. Əдебиет жəне Қазақ тілі пəнінен өмірбойы оқушыларға сабақ берді. Өз заманында ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері болды. Шəкірттерінің ішінен ғылым кандидаттары, ғалымдар шықты. Өнерге ұлттық салт-дəстүрге жақын адамдар еді. Қажет жерінде сертшіл жəне өзіндік көзқарас қағидаларын қатаң сақтайтын еді.

Əкесі-Адайұлы Шеркешбай. Өмір бойы қызмет жасаса да, Компартияға мүшелікке өткен жоқ.img-20170509-wa0002

 Марқұм, Анасы-Нияз немересі, Рейім қызы Ұмсынай. 83 жасында дүниеден өтті. Көбіне бала тəрбиесі, үй шаруашылығында, біраз уақыт ауыл шаруашылығында қызмет жасады.

 Сабыр Адайдың еңбектері.

hjikghkimg_7728-10-05-17-10-26
ghkmyj

Біздің қазақ бақытты ел. Себебі ол мынау ұлы даласын ғасырлар бойына қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен, зеңбіректің добымен, атом қаруымен емес, отты жырларымен, жалын сөздерімен қорғап келе жатқан халық. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, ақиқат осы. Қазақ сөз өнері кеткен күні жер бетінен жойылып кетуі әбден мүмкін. Әрине, оның бетін әрмен қылсын! Жаратушы ием, қай уақыт еншісінде болсын, отты жырларымен халқын қорғайтын, оған рух беретін, намысын қайрайтын алдаспан ақындарын дүниеге әкеліп отырған. Бұқар жырау, Махамбет, Қашаған…  Сабыр Адайымыз осы құрметті сапқа тұра алатын тұлға десек, қателеспейміз.img_7701-10-05-17-10-26

Алла, Алла,

Сен жаратқан, сенің ғана құлыңмын!

Тамшысымын нұрыңның,

Тағдырыңмын Мен

Өзің оған мөр басқан.

Жүрекпін Мен, лүпілдеген ғұмырмын!

«Әр қазақ менің жалғызым» деген бір өлең жолы Алаштың ұранына айналған Сабырымыз Бүкілодақтың ІІ Халық шаруашылығы фестивалінің лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, ЮНЕСКО аясында өткен халықаралық Махамбет сыйлығының иегері. Әр жылдары Қашаған ақынның, Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Асау-Барактың, Сырым батырдың, үш бидің, Абылай ханның тойларында және Орталық Азия — Қазақстан ақындарының айтыстарында Сәкең топ жарды. Маңғыстау өлкесіндегі «Адай ата — Отпан тау» мәдени кешенді этнографиялық орталығын салу идеясының авторы, ұйымдастырушысы және «Адай» қорының президенті. Бір жағынан Сабыр Адай дәулескер күйші. Ол талай мықтылардың ұстазы. Оның көптеген өлеңдеріне сазгерлер ән шығарды. Көптеген жыр кітаптары халқының көзайымына айналғалы қашан!

Ұлттық рухты жаңғыртуда талмай, тайсалмай еңбек етіп келе жатқан Сабыр Адай бауырымыздың өлеңдері ұрпағымыз үшін нағыз рухани азық.img_7702-10-05-17-10-26

Президентіміз Н.Назарбаевтың халқын рухани жаңғыруға шақырған ұранды мақаласындағы айтылған жайларды жандандыратын да, қолдайтын да осы Сабыр Адайдың мінезді де отты жырлары. Сәкең «Қазақстан ZAMAN» газетінің жанашыры. Біздің ұжым Сабыр бауырымыздың шығармашылық тойына орай бүгін оның бір топ жырларын берумен қатар оған мынау ақшағыл дүниенің бар жақсылығын, шуағын, нұрын тілейміз. Аллам сізге екі дүниенің қызығын көруді нәсіп етсін!

Зор құрметпен, «Қазақстан ZAMAN» газетінің ұжымы

 img-20170501-wa0104

Бекет бабадан Отпан тауда Сабыр Адаймен…

ДИМАШҚА АРНАУ

ikyjyyyy

 

Димаш, Димаш,

Димашжан – əн бұлағым,

Саған тосып тұр, əне,таң құлағын.

Кеудеңде сенің жұмбақ бар бұла мұң.

Сен деген əнге айналған жүрексің ғой,

Жан қарағым, бар ма амалың?!

Жұмақтан жол тартады самғап əнің.

Жылаған жүрегімде періштем бар,

Ел едік тағдырынан көп ішкен зəр.

Кеудеңде бір жылау бар,

Мың бұрау бар,

Қыздырған бұлбұлым-ау əн базарын.

Жүрек-сəуле, жүзің-нұр, балдан əнің.

…Таң қаламын!

(Жан қарағым)

Бұл əлем əнге айналды сеніменен.

Жұмыр жер тірілді ме, өлі денең?

Патшасы-əн құдірет бар даланың.

Жыласын барлық əлем бір жүрекпен,

Сұлудай ғашықтықтан дір-дір еткен.

Қазақ деген халықтың баласы едің,

Төрін-əн, төрт құбыласын жыр күзеткен.

Салғандай бар ғасыр əн, таңға асығам,

Əн жылатқан жүректің лəззатынан.

Əлем бір сəт ес жиып елжіресін,

Айтайын енді несін, мөлдіресін.

Əнімен тербетсін деп  дүниені,

Салған-ды кеудесіне Алласы жан.

Өмір бер бұлбұлыңа жаным Алла,

Тұлпарды жыға көрме тағы жарға.

Жұмақтан жеткен дауыс жылатсын бір,

Адамды адам сүйіп, сағынарда.

* * *

 

Аққу іздеп «аһ» ұрады сыңарын,

Кімдер осы махаббатты жоқ деген.

Сен де қалқам ағыл-тегіл жылағын,

Ойнай бермей ішке салып от пенен.

Жыла жаным көз жасыңды бұлақ қыл,

Махаббаттың тал-құрағы сімірсін.

Босап алшы, бордай езіл жылап бір,

Сосын қалғып, кірпігіңіз ілінсін.

Көз жасыңмен бір жуып ал көңілді,

Қасірет пен қайғысынан тазарсын.

Сүй бірақ та жарық күн мен өмірді,

Аттай берсең асқар шыңға барарсың.

Тағдыр да сол бір Алланың жарлығы,

Өзгереді мəңгі емес ештеңе.

Сүйе білген жүректердің барлығы,

Бақыттырақ жалғыз ғұмыр кешсе де.

***

Ой-хой, шіркін, бұл енді төбет болды,

Білмеймін кімнен қандай көмек болды.

Қасқыр алып жарытпас енді, əрине,

Дегенмен күшігінен бөлек болды.

Күшігінде тістейтін балағыңнан,

Мұндайға сөзің шығын, сана құрбан.

Тфə!.. Тфə!.. Құрығыр көзіңді аудар,

Иттерден хабары жоқ қарағымнан.

Бұл өзі қарамайды ақ-қараға,

Сақ болғын, саққұлақтан қасқа бала.

Сөз айтып түсіндіріп əлек болма,

Тоқтайды сүйек пенен асқа ғана.

Иттен де озар-кетер дəуір дейді,

Өмірін қаңтар қажап, сəуір жейді.

Көк төбет өле қалса біз бармыз деп,

Шəлекей «шəкірттері» шəуілдейді.

* * *

Шаншылып көк найзағай көктен келді,

Ойқастап ойран қылды тепсең белді.

Шалғыны шаршы топтың отқа оранды,

Ақ жалын жалмап жатыр жеткен жерді.

Етегі елпілдеген күйікті қыр,

Өзгеше өрттен ыстық күй ұқты бір.

Кемсеңдеп келер жылдан бақ күтіп тұр,

Құдайға қолын жайған сүйікті құл.

Бір Алла қорған болсын пендесіне,

Қол жетпес Тəңір-Хақтың бермесіне.

Мысалы: өмір – жасыл, өлім – жасын,

Кім кепіл тас төбеңнен келмесіне.

Жан Алла, жамағатты сақта Құдай,

Жақ дейді қашаннан да аққа Құдай.

Құдайға мың да шүкір бұйырған дəм,

Ақ адал маңдай термен тапқаным-ай!..

img_7703-10-05-17-10-26          img_7705-10-05-17-10-26

ТУ КӨТЕРІП КЕЛЕМІЗ

Мен қырылдым қанжап болдым қансырап,

Мен қырылдым жанарымды қан шылап.

Қайта тұрдым табыт үсті тағдырдан,

Сүйегімді қатқан қаннан аршып ап.

Кім сұрайды енді менен кешірім,

Кескен қылыш Бізден Сізге бар сұрақ!?

Көрдіңіз бе,

Қансыраған денеміз!?

Қансырадық неге біз!?

Біз өлімнің өзін тұрдық өлтіріп,

Біз өлмейміз!.. Ту көтеріп келеміз!

…Бір Аллаға сенеміз!

 

ҚЫРЫҚ ҚАҚПА

(Халық сарынымен)

Базары біздің жанның хан-салтанат,

Əлəйім күй қоңырау, əн салтанат.

Осылай күн еңкейіп батты міне,

Атады ертең тағы таң шалқалап.

Бесігін құмар əннің тербетермін,

Мысалы мыңнан жүйрік ерге теңмін.

Керегі өлең болса кербез елдің,

Керіліп кең аспандай селдетермін.

Қайқының əні мақпал-ды,

Қайырлы таң боп атқан-ды.

Сұлу да төбе, сымбат қыр,

Ай құшақ керіп жатқанды.

Жүректің шара көзіне

Жүзінен көктің бақ тамды.

Сыр айттық сырғалыға салқам күліп,

Күйдірдік көрген жанды аң-таң қылып.

Арудың таңдап сүйдік асылынан,

Оңаша орда тігіп, əн салдырып.

Құпия қыздың сыры қырық қақпа,

Ынтыққан көңіл керек сыр ұқпаққа.

Балқыған біздің жүрек өрттен ыстық,

Жаралған жан телімді жылытпаққа…

 

ЖЫЛАҒАН ҚАЗАҚ КӨРГЕН ҚАНДАЙ ЖАМАН?!

hjkgkjhghjkhju

 

(Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Ұлағатты ұстаз, ҚР журналистер одағының мүшесі, Ел анасы, Мешітбайқызы  Сəуле апаймен сырласу)

 

 Өмірдің әділетсіз майданында тұрмыстың ауыртпалығынан жылап-еңіреген бір топ қазақтың қаракөз əйелдері мен қыздарының шағымын теледидардан естідім. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан бастап біз білетін бергі дəуірлерде: қазақты біресе құрсағына салып, енді бірде жүрегімен қаусырып, тілегімен нəр беріп, қайсар ерлігімен, ақ уыз намысымен осы күнге жеткізген арулар емес пе еді!?… Неге олар жылайды? Осы даланың барлық байлығы мен құрметі соларға тиіс емес пе!? Ендігі жерде қазақтың əйелдерін жылатқан қоғам — Періштелерді табаға қуырып, табан асты еткен қоғам. Сұлулар қашан сəн мен салтанат көреді!?

 

АВТОР

І

Сəуле апа-ау!..Сарсаң кесек сана қайғы.

Сансыз сұрақ санамда балалайды.

Жабағысы ұйысқан көңілімнің,

Көзін шұқып қара түн табалайды.

Емешегі үзілген баба-күлік,

Жан ботасын боздайды жаңа біліп.

Ет желіні суалған Есениннің –

Қаншығындай қара бұлт алар ұлып.

Қара талақ қара бұлт жағал-сары,

Жылап алу егіліп бар аңсары.

Жарқылдаған найзағай жан тəсілім,

Ақындардың секілді қаламсабы.

ІІ

Дөнежін дөң, қаймалша қылаң қырым,

Айта-айта алжасты шыдам жырын.

Шөккен нарға қоғасы қорған болған

Сай қолатта бар еді бір əн бұрын.

Қолат қурап қолаң шаш бұлақ өлді,

Қорған болар қазаққа сұрап ерді.

Өлген өлді тірінің тілі қысқа –

Кімге керек өлгендер бірақ енді.

Бабам берген анау қыр, мына белді,

Саудагер сарт салт жүріп сұрар енді.

Сұқты көздің ішінде қара жылан,

Қарайғанға зəр шашып тұрар енді.

ІІІ

Сексеуілдер үзіліп тамырынан,

Сыршыл тарих сығалар қабығынан.

Телмеңдейді туған ай үмітім боп,

Жаным қалмай сімірдім жарығынан.

Берен сайлап, бел буып бекін күнім.

Батар күні байлаусыз екіндінің.

Дүниені орап ап жыр-жөргекке,

Мен тербетіп отырған секілдімін.

Атамекен іңгәлап тығылады,

Бір сұрауы болады мұның əлі.

Топ-тобымен тозаққа барар сосын,

Адамзаттың арамза ұрылары.

Адалдық па?!..Адалдық зарлы құлын!

Отан — менің құлыным, жалғыз ұлым!

Қанағатсыз ындынның жемсауында

Жылап жатыр Жер-Ана қанды бұрым.

ІV

Сəуле апа-ау,

Сен шалғайда, мен Түбекте.

Не болмақ ен даланың еркі кетсе.

Мысалы: Ойда жоқта теріс толғап,

Ханнан ант, қалаулының серті кетсе.

Жан апа!… Жанның сыры сендік өлең.

Көзіңнен кемел ой мен шерді көрем.

Бауыр боп бар тілекпен сүйші мені,

Самал боп Сарыарқаның ерніменен.

Құлар ма, құл-тірліктен нардай балаң!?..

Түңіліп түс көргендей таңдай қағам.

Осынша ұлан-байтақ байлығы бар,

Жылаған қазақ көрген қандай жаман.

Билік жүр, сан қайталап мың бір əнін,

Келмеске кетіп жатыр кіл бұла күн.

Жылап жүр қанша қазақ өз елінде,

Көргенде көз ұялып шыңғырамын.

Кешкен соң күн өткізіп ғұмыр хаттап,

Жоқтықтың жолым үйден жырын жаттап.

Еңсесін бір көтеріп көрмеген ел,

Ер туып жарытпайды ұлын баптап.

Кеудемді кер құландай үн керіп жүр,

Түрімнен күн күмілжіп, түн жеріп жүр.

Атасы айыр бура бал қоспақтың,

Баласы көкаттыдан күн көріп жүр.

V

Арда емген асау көңіл басылмайды,

Бұл күнде құным-мұңым, бəсім қайғы.

Керіліп кеңістікті дүбірлетпей,

Көңілі көшкен елдің ашылмайды.

От қарып, мендік жанда жара жатыр.

Бостандық!..Онсыз бағам – қара бақыр.

Қомында қобыз тартып нар-маяның,

Қош айтып Қорқыт-дəурен бара жатыр.

Би-төре билігіңді кім көрген жоқ.

Қызғышты кім атпады сұр мерген боп.

Қазақтың жүрегімен байқап ойна,

Ол əлі аттан түсіп үлгерген жоқ.

Уақыттың кім түспейді сөресінен,

Ер өлмес елін сүйген өресі кең.

Еркесі ен даланың киікпіз Біз,

Құлдырап құс өткізбес төбесінен.

 img_7698-10-05-17-10-26-1            img_7697-10-05-17-10-26

img_7709-10-05-17-10-26

bmghhhhh                        img_7704-10-05-17-10-26(

img_7717-10-05-17-10-26img_7718-10-05-17-10-26

МЕНІКІ БАЙТАҚ ДАЛА, ҚАЛЫҢ ҚАЗАҚ

Баба тілім – бал тілім!  

Ана тілім – алтыным!)

Аспаным кең жайып тұр керегесін.

Күн шылап күміспенен кенересін.

Мен қақтым қанатымды көк зеңгірге

Қалдырып көптен неге шегересің!?

Қай бабам кемшін еді өз күнінде?!

(Жібектен асыл боп жүр бөз бүгінде.)

Жалындап жатыр менің жан қазынам

Қазақтың том-том болған сөздігінде.

Ақ маржан, алтын моншақ түр-бедері,

Талшыбық талмау тамыр бүрленеді.

Жем болған гүл жемірге1 боз жапырақ,

Қауызын қашан ашып түрленеді.

Боз жусан бой көтеріп қына белден,

Бұрымын бұлақ көрдім жылап өрген.

Қаншама жайылған қол жанымда тұр,

Теңдігін қазағының сұрап өлген.

Қоз-қайғы қоламтада залым күшік,

Жатады от пен орап бəрін құшып.

Қорғалап көз жасымды кірпігіммен,

Көрсетпей жылап келем жалын құсып.

Өрті бар өзегімде сан ғасырдың,

Жан бабам жанған оттың жалғасымын.

Жұлдыздар ағып өткен қара түннің,

Қанды жол, қақпанды бел арнасымын.

Аспаннан жұлдыз болып түстім налып,

Қалжырап, қанатымды ұштым қағып.

Қойларда өз тілінде маңырап жүр,

Бұл неткен бір ұмытшақ міскін халық?!

Бір күні,

Бір күн бар ма!?.. Сүрінесің!

(Хан талапай береді кім үлесін.)

Есесін ел-жұртыңның алып беріп

Сен қашан ақ білекті түрінесің!?

Не таптың шыңғырғанда, жаныққанда!?

Мұз жүрек тағдырыңнан талыққанда.

Қарыққанда көзіңнен жас шығады,

Тарыққанда жөн сілтер бағыт барма!?

Алақанмен ақырын тұншықтырып,

Балапан ең ойнады ұршық қылып.

Ала таңмен қол создың жарық күнге

Жанарыңа жатасың бір шық тұнып.

Өз ұлдарың өзіңді жаныштады,

Өгейсінді, жатсынды, алыстады.

Төзім бағын аралап жол қарайсың

Тастап кеткен жан сынды таныстары.

Мойыныңа ілдіріп қара шəлі,

Қара бұлттар күңкілдеп тарасады.

Тұмса туған түйенің ботасындай

Уызыңнан ұл мен қыз адасады.

Жарымаған уызға, бал ішпеген,

Бастан ноқта, ділі жат таныс көген.

Көген-желке көп құлды босатпайды

Құл тектінің барлығы алыс менен.

Көп желкені кемірген көген жегі,

Жетім қозы жел құрсақ көгендегі.

Маңыраса көзінің отын алып,

Қабырғасын қасқаның сөгем деді.

Сол-сол екен сорына көмілді де,

Үндемейді бейшара өмір міне.

Өз дауысын ақыры қалды ұмытып,

Жанарынан жас парлап төгілді де.

Содан бері тілім жат, түрім мендік,

Қандай жаман əркім боп жүгіргендік.

Қорлық-ай бет-бейнеңе айнадағы,

Өзгенің көзіменен үңілгендік.

Өз-өзін өзеурейді кемсінеді,

Сол аспан, болсадағы жер тірегі.

Жалауы бар,

Жаңаша ел десек те,

Жазылмайтын жандағы дертім еді.

Кінəлі кім!?..Кінəлі дəуір дейді.

Кешегіден сəл бүгін тəуір дейді.

Теке мүйіз қалалар, ешкі сақал,

Мекіреніп болған соң шəуілдейді.

Үріп жаққан заман-ай мықтыларға,

Көк сауысқан секемшіл, сұқты қарға.

Аю-ағам үстіме мініп жатыр –

Аш бүйірден Айдаһар ысқырар ма?!

Жер бауырлап жақындап жылыстады,

Деп жүрген кім делбеңдеп тыныш бəрі.

Қол салғалы көп болды,

Жол салғалы –

Жер жүзінің айыр тіл зымыстаны.

Өкпеліктен сығып жүр баяу ғана.

(…Енді бізді қалыпты аяу ғана.)

Күні құрсын əлсіздің жолға шыққан –

Атты менен секілді жаяу бала.

Жапатайым жалпылдап еріп келем,

Жарғақ тонды жастанса беріп келем.

Қойыныңа жылан боп түнейді екен,

Қолдан кетіп қалған соң ерік деген.

Қайда, əлгі, бостандық ерігіміз?!

Бастаңғы жоқ, басылды желігіміз.

Көрінген –

Көкаттыға сəлем еткен:

Түгел жұрт төрт құбыланың келініміз!

Ойнап жүр етегімді ермек қылып,

Кетіп жүр езу тартып кермек күліп.

Қолқама қолын салып суырады –

Жаһанда жалғыз досы

  «СЕН!» – деп тұрып.

Тіл қайда тілерсегі мың қиылған,

Шыңғырып шырқырайды бір қиырдан.

Қара түн күрсінеді қабырғам боп,

Көзіне ай қонақтап, жыр құйылған.

    Естіліп қарындастың қамыққаны,

Өртеніп өлең жаздым жанып тағы.

Барады қуқыл тартып, құнсыз əлем,

Жүзіндей өлген жанның табыттағы.

Оқытып жаназамен, дұғалығын.

Батты, əне, басын ұстап бұла күнім.

Некесін Бақ пен Сордың өзім кестім

Қалдырып болашаққа « Құдалығын!..»

Алыстап бірі жақын, бірі менен,

Заманның жан бүлінді кіріменен.

Ұлтымның ақ бесігін іңгалаған

Анамның тербетіп бер тіліменен.

Анашым, анам қайда, ақ киелім!

Ағытқан аппақ күйдің нақ тиегін.

Сорлы күй содан бері тартылмапты

Маған бер, домбырамның тап, тиегін?!

Анашым, ана-тілім, ақ қаймағым!

Əкеліп қазығыңа бақ байладым.

Тұлпар ем!..Тұсауымды шешпей шауып,

Тігіп жүр тас төбеме жат байрағын!

Тірліктің қазығында қанжыладым,

Ар – құндақ, иман – туыс жалғыз əнім.

Өлейін тұяқ серпіп, жылап шертіп,

Бұрашы домбырамның ал құлағын.

Анашым, ана тілім, ақ мамығым,

Қарады қалт еткеннен жатқа күнің.

Мұнар мен мұңнан қоғам құрып алдық,

Жарасы жанды жеген, сананы мұң.

Тұрама сенсіз дəурен бір күнгіге,

Кесілген кеңірдектен тілмін, міне!

Анашым сені іздеп сергелдең боп

Қазақтың арасында жүрмін, міне!

Адасқан ақ ылақтай енесінен,

Көңілім көп сөгілді көбесінен.

Жетімнің естілеме зар дауысы

Өр Алтай, Шыңғыстаудың1 төбесінен.

Туыпты ай қоралап, білезіктеп,

Жұлдыздар түннің тілін жүр ежіктеп.

Шым-боздақ түн қолтығын түрткілейді,

Қызығы тарқамаған қыр едік деп.

Жоғалтып қыр қылығын, түн бұрымын,

Сары су сарнатады ұл жілігін.

Жіліктен жігіт азып, біліктен қыз,

Баяндап балбал тастар тұр ғұмырын.

Айтады арда күнін, ертегісін,

Адамның азынатып өртеп ішін.

Анашым, ана-тілім еміз мені,

Жанымда қатып қалған дерт ерісін.

Ақ жаулық анам берді бар талапты,

Жанымен жанған оттан қалқалапты.

Ойнақтап етегіңнен қайта түлеп,

Шабайын шаң қаптырып шартарапты.

Шұрқырап кісінейін, кекілденіп,

Қаптаған қара желдің өтін керіп.

Менікі байтақ дала, қалың қазақ,

Қашанғы күн кешемін жетімденіп.

Бал тілім, баба тілім, ана-тілім,

Жан сарай, жан ұшқыным, жанашырым.

Сен жыласаң..,

Мен өксіп күн кешермін,

Тілдесермін, қайғыңмен қарашығым!

Шүкірана – тəубашыл, қанағатпын!

Көк жиектен көрінді жағалап күн.

Ай тұяқ-арғымақ түн, жұлдыз төбел,

Төбемнен қайда ауып бара жатсың?!

Түн мен күн ауысады қақпақылдап,

Тіктіріп көлге көрпе, баққа сырмақ.

Ну тоғай, түмен торғай сəншіл көктем,

Əн айтып беріп жатыр Хаққа шырлап.

Бəріде өз тілінде базарымен,

Бақ қонған, Тəңір тілек ажарымен.

Ішінде он сегіз мың ғалам-шайыр:

Жан құрсау, көңіл күрмеу жаралы, – Мен!

Көмейде күміс сыңғыр тіл-бөбешік,

Жатыр сол көмейіңмен кім кеңесіп!?

Барады қара қарын, дөкір маңдай,

Жат пенен жарнақтасып, іргелесіп.

Жел-көмей, жеркүп-қарын, сұм-жырынды,

Ұлт азып сонау жылы ұл бүлінді.

Ісің ірмек, сөзіңнің тұздығы жоқ,

Қу шеке жасырғанмен құлдығыңды.

Жатырмыз мұңнан налып, жырдан қалып…

 

1 Гүл жемір – құрттың атауы.

Өр Алтай, Шыңғыстау – ежелгі ерен-байтақ ұлттық мəдениетіміздің алтын тұғыр, жан-құбыла Темірқазығы.

Дайындаған: ЕлАна