WhatsApp мессенджерінде өзге де функциялар пайда болады

Жұма, 03-Ақпан 2017 / 11:36
WhatsApp мессенджерінде өзге де функциялар пайда болады

WhatsApp мессенджері қызметкерлері жіберіліп қойған хабарламаны өшіру және түзету функцияларын дайындап жатыр. Дегенмен, бұл қызметтер тек хабарламаны екінші жақ оқымай тұрған кезде ғана жүзеге асырылады, деп жазады Mashable.

WhatsApp-та оқылмаған хабарлама сұрмен, оқылғандар көкпен белгіленеді. Егер қолданушы «сөзіңізді қайтып алғысы» келсе, хабарлама орнына «хабарлама қайтарылып алынды» деген жазу шығады.

WhatsApp-тың сынақтан өткізіп жатқан тағы бір функциясы — Instagram мен «ВКонтакте» желісіндегі секілді сурет жоғары жағында тұрады.

Сонымен қатар, мессенджердің бета-нұсқасында қолданушының геоорналасуын жұртпен бөлісу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki
, ,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Әлеуметтік желідеміз

YouTube Vk

Абайдың бірінші қара сөзі

Facebook парақшамыз